«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Елбасының «Қамқорлық» бастамасы қамқоршылық кеңесінің отырысы барысында ерекше қажеттіліктері бар балалар мен қарттарға инфрақұрылым құруға бағытталған екі жобаның жүзеге асуы талқыланды.

       Елбасының тапсырмасына сәйкес, «Қамқорлық» бастамасы аясында екі жыл ішінде Қазақстанның 8 өңірінде аутизм және басқа да ментальды ауытқуы бар балаларға арналған түзету-дамыту орталықтарын ашу жоспарлануда. Орталықта 18 жасқа дейінгі балаларға күндізгі стационар мен отбасын қолдау қызметі қарастырылған. 

       Мұнда әлемдегі үздік тәжірибеге негізделген балалардың әлеуметтік бейімделуі мен өмірлік дағдысын дамытуға арналған сабақтар өткізіледі. Бұған қоса, еліміздің 17 аймағында балалар мүгедектігінің алдын алу үшін перинаталдық орталықтың базасында ерте араласу орталығы ашылады.

       Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Үкіметпен, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және облыстық әкімдіктермен бірігіп Елбасының «Қамқорлық» бастамасының аясында 2020 жылдың желтоқсанында сегіз оңалту орталығын ашқан. Бастама аясында биыл Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облысында қосымша 10 орталық ашу жоспарлануда.  

       Жалпы, «Қамқорлық» бастамасын іске асырудың арқасында жылына 21 000 бала оңалту курсынан өте алады.

       Қамқоршылық кеңесінің отырысы барысында еліміздің 17 аймағында белсенді ұзақ өмір сүру орталығын ашуды көздейтін «Белсенді ұзақ өмір» жаңа жобасын жүзеге асыру жайы қозғалды. Орталықтар қолданыстағы коммуналдық нысандардың бос жеріне орналасады.

       «Елбасының «Қамқорлық» бастамасы аясында жылына 21000 бала оңалтудан өтті, бұл соңғы 10 жыл ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған ең ауқымды жобаның бірі», - деді «Қамқорлық» бастамасы бойынша Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ә.Ө.Исекешов.

       Онда зейнеткерлерге арнап емдік дене шынықтыру, компьютерлік сауаттылық, шахмат сабақтары өткізіледі. Әрі өскелең ұрпақты, оның ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілерін қолдау мен патриоттық тәрбие беруге бағытталған әлеуметтік бағдарламалар іске асырылады.

       Күндізгі стационардағыларға орталықта ас-су беріледі, бірақ жататын жер қарастырылмаған.

Түсініктеме қалдыру