news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес 2021 жылдың 8-10 қыркүйек айында «Тәуелсіз Қазақстанның интеллектуалдық әлеуеті: қалыптасу мен дамудың 30 жылы» атты Бірінші халықаралық ғылыми форум өткізеді.

«Тәуелсіз Қазақстанның интеллектуалдық әлеуеті: қалыптасу мен дамудың 30 жылы» ғылыми форумы жас ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар, студенттер, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам және БАҚ өкілдерін ғылымның дамуы бойынша пікірлесуге шақырады.

Форум аясында пленарлық сессия, ғылыми сессиялар, дөңгелек үстелдер, конференциялар мен өзге де іс-шаралар өтеді. «Тұлға мен қоғам» және «Жасыл әлем» атты форумның негізгі тақырыбы қазіргі қоғамның әлеуметтік-гуманитарлық зерттеуі, заманауи педагогиканың дамуы, цифрландыру, экология, Индустрия 4.0, Smart Agriculture, физика және химия мәселелерін қамтиды.

Форум қатысушылары мына мәселелерді талқылауға тиіс:

  • жас ғалымдардың ғылыми-техникалық прогресс түйткілін талқылауға үлес қосуын қамтамасыз ету;
  • ғылыми коммуникация, әріптестік және зерттеу үшін шығармашылық атмосфера құру;
  • еліміздің түкпір-түкпіріндегі ғалымдарды бір ортаға жұмылдыру;
  • ғылыми қызметке ынтаны арттыру;
  • ғылым, қоғам және бизнестің өзара тиімді әрекеті;
  • ғалым мамандығының беделін арттыру;
  • ғылым, саясат және қоғамның өзара байланысын қамтамасыз ету.

Ғалымдар, ғылыми-зерттеу ұйымдарының ғылыми қызметкері, колледж бен университет оқытушылары, докторанттар, магистранттар, студенттер, сонымен бірге, Қазақстандағы ғылымның дамуына мүдделі ұйымдар форумға қатысуға шақырылады.

ФОРУМ СЕССИЯЛАРЫ

 

«Тұлға және қоғам»

Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы Қазақстан тарихы мен тарих ғылымы

SN1@fnn.kz

Әлеуметтік ғылымдар бедеріндегі қазақ қоғамы

SN2@fnn.kz

Педагогикалық білімнің инновациялық трендтері

SN3@fnn.kz

Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның конституциялық негіздері SN4@fnn.kz

«Жасыл әлем»

Цифрлы Қазақстан

SN5@fnn.kz

Экология және Индустрия 4.0

SN6@fnn.kz

Теориялық және эксперименттік физиканың өзекті мәселелері

SN7@fnn.kz

Жаңа ғасыр - жаңа идеялар (химия, техника, технология, жаңа материалдар) SN8@fnn.kz

Ақылды ауыл шаруашылығы (Smart Agriculture)

gulnar.akhmetkanova@kaznau.kz

«Жасанды интеллект, ауқымды деректер және медицина» халықаралық конференциясы SN9@fnn.kz

 

Форум аясында тезистер жинағын шығару көзделіп отыр. Материалдарды көрсетілген электрондық мекен-жайға 2021 жылдың 25 тамызына дейін жіберу қажет. Ұйымдастыру комитеті мақалаларды таңдау құқығын өзіне қалдырады. Материалдар тегін жарияланады.

Материалдарды жариялауға қойылатын талаптар:

         Мәтін көлемі - 2 беттен аспауға тиіс.

         Материалдар .doc және .docx форматында қабылданады.

         Беттің параметрлері: сол жақ шеті 3 см, оң жағы 1,5 см, жоғарғы жағы 2 см, төменгі жағы 2 см. Төменгі шетінен төменгі колонтитулге дейін - 0 см. Жоларалық интервал – жалқы.

         Қаріп - Times New Roman, кегль - 12.

         Әр абзацтың бірінші жолының шегінісі 10 мм (негізгі мәтін үшін), бет ені бойынша тегістеледі. Ал ортасы бойынша тегістелген мәтінде шегініс болмайды.

Беттегі мәтіннің орналасуы:

         АТАУЫ (ортасы бойынша тегістеу).

         Автордың аты-жөні, тегі, лауазымы, кафедрасы, факультеті, университеті (бөлімі, институты), қаласы, елі, автордың электрондық мекен-жайы.

Шәкірттер үшін:

         Автордың аты-жөні, тегі, курсы және факультеті, университеті, қаласы, елі, автордың электрондық мекен-жайы.

         Ғылыми жетекшінің аты-жөні, тегі, лауазымы, дәрежесі, атағы, қаласы, елі, электрондық мекен-жайы.

Әдебиеттер тізімі 12 кегльмен, Time New Roman қарпімен жазылады. Мәтіндегі дереккөзге сілтемелер [1], [2], [3] тік жақша түрінде қолданылады.

Файлдың аты бірінші автордың тегінен басталу керек: Фамилия.doc.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Алматы қаласы, Ганди көшесі, 10. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры.

Тел .: +7 (727) 305-36-23, Едігеева Роза Мақашқызы.

Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
Здравствуйте! В каком журнале будут опубликованы тезисы конференции: Международная конференция «Искусственный интеллект, большие данные & медицина»?