news-img

Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаева мен ресейлік «Жаңа жобаларды ілгерілету жөніндегі стратегиялық бастамалар агенттігінің» (СБА) бас директоры Светлана Чупшевамен кездесу кезінде белгілі болды.

Кездесу барысында Қор мен Агенттіктің ғылым мен білім беру, технологияларды ілгерілету және жастарды қолдау саласындағы әлеуетті бірлескен бастамаларын іске асырудағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Светлана Чупшева Қор басшысын Агенттік жұмысының негізгі бағыттарымен және жобаларымен таныстырды. Дариға Назарбаева өз кезегінде Қордың және Агенттіктің жастардың ғылымда, инновацияда, кәсіпкерлікте өзін-өзі танытуы үшін жағдай жасауға бағытталған жобаларының ұқсастығына назар аударды, сондай-ақ әріптестік қатынас орнатуға дайын екенін білдірді. 

СБА басшысы 15 маусымда Алматыда агенттіктің «Қайнау нүктелері» желісінің алғашқы шетелдік алаңын ашу жоспарын хабарлады. Оның айтуынша, осындай креативті алаңдар базасында бизнес серіктестердің, университеттердің, өңірлік даму институттарының елдің технологиялық және білім беру дамуы мүддесінде идеяларды іске асыру үшін тығыз өзара іс-қимылы жүзеге асырылуда.

«Қайнау нүктесіне» қатысушылардың барлығының бірлескен күш-жігері неғұрлым перспективалы идеялар мен жобаларды іске асыруға және ілгерілетуге, бейінді қоғамдастықтардың кездесулерін өткізуді қолдауға, сондай-ақ білім алуға және оқушылар мен студенттердің мансаптық өсуіне бағытталған. Almaty Management University – «Qainar Bulaq Алматының қайнау Нүктесі» жобасын жүзеге асыруда Ресей агенттігінің серіктесі атанды.

Түсініктеме қалдыру