Алматыда «Цифрландыру дәуіріндегі құқық» атты IV қазақ-француз форумы өтеді
АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. Ертең, 2021 жылдың 18 маусымында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасының Елшілігі, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Сорбонна-Қазақстан институты «Цифрландыру дәуіріндегі құқық» атты IV қазақ-француз форумын өткізеді.
Мемлекеттік басқару, құқық, цифрландыру, білім беру, халықаралық қатынас саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылардың ауқымды кездесуі екі форматта – Алматыдағы модераторлық орталықта офлайн және YouTube-те онлайн түрде өтеді.
Қазақстан атынан форумның ұйымдастыру комитетіне Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кірсе, Франция атынан Францияның ұлттық сот мектебі, Францияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі, Лотарингия университеті, Sciences Po Paris саяси зерттеулер институты қатысады.
Қазір Қазақстан мен Францияда өріс алған цифрлық прогресс қоғамның ұйымдастырушылық және экономикалық моделінің өзгеруіне әкеледі. Үнемі өсуші есептеу қуаты компьютердің көмегімен күрделі алгоритмдерді өңдеу арқылы мол деректерді пайдалану кейде үшінші өнеркәсіптік революция ретінде қабылданады. Бұл құқықтық санаттарды қайта қарастыруға апарады, жеке әрі қоғамдық құқықтың барлық саласына әсер етеді.
Мемлекеттік билік органдарының, заң шығарушылардың, заңгерлердің және халықтың алдында тұрған бұл жаңа мәселелер мен сын-тегеуріндерді ескере отырып, ұйымдастыру комитеті IV қазақ-француз форумы аясында екі елде де цифрландыру технологиясына қатысы бар бағыттарға салыстырмалы көзқарас ұсынатын ғылыми сарапшылар, судьялар мен мемлекеттік шешім қабылдайтын тұлғалардың басын қосады.
Форумда мынадай мәселелер қарастырылады: конституциялық құқық институттары (сайлау үдерісінде цифрландырудың маңызы, әлеуметтік желілер мен цифрлық технологиялардың дауыс беру барысына әсері); әкімшілік құқық (азаматтардың қандай да бір мемлекеттік үдерістерді басқаруға қатысуы); криптовалюталар айналымы туралы заңнамалық шешімдер; сот органдарына жасанды интеллект және блокчейн технологияларын енгізу.
Форум көрсетіліміне мына сілтемелер арқылы қосылуға болады:
- Қазақша — https://youtu.be/8lk1dUJLbcg
- Французша— https://youtu.be/RI7Dp381lLI
- Орысша — https://youtu.be/vgFsbZg8Ap4
- Ағылшынша — https://youtu.be/qssKEmdv5e4
Модераторлық орталық Алматы қаласындағы Сорбонна-Қазақстан институтының базасында жұмыс істейді.
Күні мен уақыты: 18 маусым 2021 ж., сағат 10:30-да
Форумды жариялау және сұхбат ұйымдастыруда БАҚ үшін байланыс телефондары:
— Айнұр Сәбитова, +7 701 779 8870 — Сорбонна-Қазақстан институты;
— Артур Жұмашев, +7 708 960 56 13 — Нұрсұлтан Назарбаев Қоры.