«8 оңалту және 2 ерте араласу орталығын жабдықтау» бойынша тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді байқау тәсілімен алу туралы хабарландыру
«Қамқорлық Қоры» корпоративтік қоры БСН 200240009071 (бұдан әрі - Тапсырыс беруші) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесіне сәйкес, 8 оңалту орталығын және 01/4-КФ 2 ерте араласу орталығын жабдықтау үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді байқау тәсілімен сатып алуды жариялайды.
Тапсырыс берушінің нақты орналасқан жері: Қазақстан, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Қонаев көшесі 12/1, 507 кеңсе., Тел. 8 (7172) 57-14-26.
Байқаудың тәртібі:
1. ҚҚС-ын қосқанда тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға бөлінген сома 708 545 610 (жеті жүз сегіз миллион бес жүз қырық бес мың алты жүз он) теңге.
2. Хабарландыруға мына құжаттар қоса тіркеледі:
1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің тізбесі (1-қосымша);
2) баға ұсынысының түрлері (2-қосымша);
3) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтердің техникалық сипаттамасы (3-қосымша);
4) сатып алу туралы келісімшарт жобасы (4-қосымша).
3. Байқауға қатысуға өтінімді әлеуетті жеткізушілер мөрленген арнайы конвертте осы хабарландыруда көрсетілген мерзімге дейін өткізеді. Мөрленген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізушілер мына мәліметтерді көрсетуге тиіс:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы, БСН және пошталық мекен-жайы (индексі көрсетілген заңды және нақты мекен-жайы), сондай-ақ байланыс деректері (телефон және электрондық пошта);
2) Құжаттамада көрсетілген мәліметтерге сай келетін тапсырыс берушінің атауы, БСН және мекен-жайы;
3) әлеуетті жеткізушінің өтінімі бар, лоттың (тардың) нөмірі (лері) мен атауы (лары) көрсетілген («8 оңалту орталығын және 2 ерте араласу орталығын жабдықтау» тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу тәсілімен _________________________________ лоттың (тардың) атауы мен нөмірін көрсету міндетті, «2021 жылғы 30 маусым, сағат: 11:00-ге дейін АШУҒА БОЛМАЙДЫ).
4. Байқауға қатысуға өтінімді әлеуетті жеткізуші нөмірлейді, тігеді, хабарландыруда көрсетілген мерзімге дейін мөрленген конвертте жазады, ал онда төмендегі мәліметтер мен құжаттар болуы керек:
1) өтінімге енгізілген әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкілі қол қойған және мөрмен бекіткен құжаттар тізбесі (бар болса);
2) 2-қосымшаға сәйкес баға ұсынысы (тары). Әлеуетті жеткізуші уәкілетті тұлға қол қойған және мөр соғылғын (бар болса) әр лотқа жеке ұсынылған бағаны көрсетуге міндетті. Егер әлеуетті жеткізушінің мөрі болмаса, әлеуетті жеткізуші баға ұсынысында «мөрі жоқ» деп жазып, мөрдің жоқтығын көрсетуі керек;
3) байқау құжаттамасына сәйкес техникалық сипаттама (лар);
4) заңды тұлғалар үшін: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді/қайта тіркеуді растайтын электрондық куәліктің қағаз көшірмесі; жеке тұлғалар үшін: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, мемлекеттік орган берген заң білімінсіз кәсіпкерлікті жүргізуге құқық беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе ресми интернет көзінен алынған электрондық құжаттың қағаз көшірмесі;
5) әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысын тағайындау туралы құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі - тек заңды тұлғалар үшін;
6) әлеуетті жеткізушінің арнайы біліктілігін растайтын, байқау құжаттамасының тауарлар, жұмыстар мен қызметтерінің техникалық сипаттамасында көзделген құжаттар;
7) әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін тұлғаның өтінішке қол қою құқығы сенімхатының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Сенімхат Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес рәсімделуі керек;
8) екінші деңгейлі қызмет көрсетуші бүкіл банктен әлеуетті жеткізушіге жүктелген міндеттеменің барлық түрі бойынша мерзімі өткен борыштардың жоқтығы туралы банктің немесе банк филиалының берген анықтамасы. Анықтама байқау өтінімі бар конверттерді ашатын күннен бір ай бұрын берілуі тиіс;
9) салық берешегінің, міндетті зейнетақы төлемдері мен әлеуметтік аударымдар бойынша борыштың жоқтығы туралы мәліметтерді растайтын анықтама (бір теңгеге жетпейтін берешек есептелмейді), уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасы немесе электрондық құжаттың қағаз түріндегі көшірмесіне уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және мөрі соғылған құжат. Анықтама байқау өтінімі бар конверттерді ашатын күннен бір ай бұрын берілуі тиіс;
10) лицензия, рұқсатнама, хабарландыру, патент, сертификаттың түпнұсқасы немесе қағаз құжаттың түпнұсқасының нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе әлеуетті жеткізушінің дайындау, өңдеу, импорттау құқығын растайтын электрондық құжаттың көшірмесі түрінде сатып алынған тауарларды, қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жеткізу және өткізу (егер жоспарланып отырған қызмет байқаудың шартында міндетті түрде лицензиялануға жатса).
5. Осы хабарландырудың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды конвертте мөрленген түрінде әлеуетті жеткізушілер Қазақстан, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Қонаев көш. 12/1, 507 кеңсеге жұмыс күндері 18:00-ге дейін жіберу керек. Тел. 8 (7172) 57-14-26, құжат 2021 жылғы 29 маусым күні сағат 17:00-ге дейін жетуі керек.
6. Әлеуетті жеткізушілердің байқау өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі байқау комиссиясының отырысына қатысу үшін әлеуетті жеткізушілерді және/немесе олардың өкілдерін 2021 жылдың 30 маусым күні сағат: 11.00-ге дейін тіркеу жүргізіледі.
7. Әлеуетті жеткізушілердің байқау өтінімдері бар конверттер 2021 жылғы 30 маусым, сағат 11:00-де ҚР, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Қонаев көш, 12/1, 507 кеңседе ашылады.
8. Әлеуетті жеткізушінің байқауға өтінім беруі оның тендерге қатысуға және байқау құжаттамасында көзделген шарттарды сақтай отырып, тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге келісімін білдіреді.
9. Байқауға қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің құқықтық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтық іс-әрекетке қабілеттілігі (жеке тұлғалар үшін) болуы керек.
10. Тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алынатын тауарлардың, орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің тізбесінде және техникалық сипаттамасында (ларында) белгіленген мерзімде жеткізілуге, орындалуға, көрсетілуге тиіс.
11. Өтінімде көрсетілген тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету шарттары тапсырыс берушінің талабына қайшы келмеуі керек.
12. Осы хабарландырудың 3-тармағының талаптарын бұза отырып рәсімделген байқау өтінімі бар конверт тіркелмейді.
13. Байқаудың өтінімі жазылған конверттер ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін қабылданбайды. Осы талаптарды бұза отырып, тендер тәсілімен сатып алуға қатысу үшін пошта арқылы келген конверттер ашылмауы және 1 (бір) жыл сақталуы мүмкін.
14. Байқау жеңімпазымен келісім жасасу кезінде шарттың жалпы сомасының 3 (үш) пайызы мөлшерінде шарт бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету көзделеді.
Егер шартта аванс (алдын ала төлем) төлеу көзделсе, әлеуетті жеткізуші шарттың орындалуын қамтамасыз етумен қатар, қосымша аванс (алдын ала төлемнің) көлеміне тең авансты (алдын-ала төлеуді) қамтамасыз етуді енгізеді.