news-img

Бүгін, 16 қарашада Халық Аренада Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры ұйымдастырған «Ел үміті» жастар форумы өттіМегаполис елордалық дарынды балалар мен жастарды жан-жақты қолдау жөніндегі Елбасы бастамасын жүзеге асыру аясында ауқымды іс-шара ұйымдастырған екінші қала. Бірінші марафон айдың басында Ақтөбеде өткен еді.

Ерекше оқиғаның басты кейіпкерлері ғылым, мәдениет, спорт, іскерлік және қоғамдық қызметте жетістікке жеткен жас қазақстандықтар. Бұл Алматы, Шымкент, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарынан шыққан 3000-ға жуық белсенділер, көшбасшылар мен өнертапқыштар. Марафонның басты міндеті – өскелең ұрпақ пен өз саласындағы кәсіпқойлардың шексіз әлеуетін, жетістікке жетудегі талпынысы мен ел дамуына қосқан үлесін көрсету.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев пен Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қазақстандық жастардың жетістіктерін атап өтті.

Әсет Исекешев марафонға қатысушыларға арнаған сөзінде «Ел үміті» бастамасының басты мақсаты – республиканың түкпір-түкпірінен – қалалар мен ауылдардан, түрлі саладағы дарынды балалар мен жастарды тас басып тану әрі қолдау екенін айтты.

– «Ел үміті» бастамасы аясында үздік білім беру ресурстары, тесттер мен қызметтер аясында жинақталады. Олар барлық жанға ақысыз негізде қолжетімді болады. Сонымен қатар, Қазақстанда және шетелде тағылымдамалар, жоғары оқу орындарына түсуге гранттар, ауылдық жерлердегі балаларға, дарынды балаларға, олимпиадалардың жеңімпаздарына және ғылымның, инновацияның, мәдениеттің түрлі салаларында арнайы сыйлықтар беру жоспарлануда, – деді Исекешев.

Алматы жай ғана «Ел үміті» марафоны өткізілген екінші қала болған жоқ. Мұнда 700 мыңға жуық жас тұрады, яғни қаланың әрбір үшінші тұрғыны – жастар. Соның 230 мыңнан астамы студенттер. Олар Алматының 39 жоғары оқу орны мен 81 колледжінде білім алып жатыр.

– Талант пен энергия, креативті шығармашылық қабілеттер бұл біздің қаламыздың басты артықшылығы болып табылады. Біз мұны түсінеміз және жоғары бағалаймыз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы аясында биыл Алматыда жұмыс істейтін жастар үшін 1050 пәтер жалға берілетін болады. 2020 жылдан бастап біз «Алматы жастары» бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырамыз және пәтер бөлуді жылына 1000-ға дейін арттырамыз. Алматы жастар мәселелерін шешеді: жұмыс береді, кәсіби шеберлігін арттырады, бизнес бастамаларын қолдайды. Біз жас ұрпақ өздерінің «Алматы арманын» жүзеге асыра алатындай етіп өз қаламызды дамытамыз. Сондықтан мен «Ел үміті» марафоны қала үшін стратегиялық маңызды деп санаймын, – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Өз кезегінде жастар жеке өсу, алғашқы жеңістер мен сәтсіздіктер туралы айтты. Жас кәсіпкерлер, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері өздерінің белсенді қойылымдарымен марафон қатысушыларына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады, барлығын үлкен табысқа бастап, кез-келген салада бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ынталандырды.

Елбасы қорының өкілдері мұндай оқиғалар жиі болуы керек деп атап өтті. Оларды таланттарын жүзеге асыруда мүмкіндік іздейтін барлық қазақстандықтар білуі керек.
Естеріңізге сала кетейік, «Ел үмітінің» қолдауымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Үкіметпен, әкімдіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен және бизнес-қауымдастықпен бірлесіп көшбасшылық бағдарламаларын іске асырады, білім беру ресурстарын дамытады және дарынды балалар мен жастарды анықтауға арналған барлық кешенді шараларды ұсынады.

«Ел үміті» марафоншыларын құттықтап, жастардың игі бастамаларына қолдау көрсету үшін қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары: Ninety One тобы, Қайрат Баекенов және Гүлсім Мырзабекова, Раим & Артур, Камшат Жолдыбаева және т.б. келді.

Марафон қорытындысы шарасында жобаның барлық қатысушыларының жетістіктері мен жеңістері туралы ақпараттары бар қатты диск Тұңғыш Президент Қорына тапсырылды.

Мұндағы мәліметтер барлығына қолжетімді болатын арнайы порталдың құрылуына негіз болады.

Ал жастар марафоны кезекті Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

 

Баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры

PR-менеджер Жумашев Артур

+7 708 960 56 13, a.zhumashev@fpp.kz

www.fpp.kz

Түсініктеме қалдыру