news-img

2021 жылдың 8-10 қыркүйек күндері Алматы қаласында болатын «Тәуелсіз Қазақстанның интеллектуалдық әлеуеті: Қалыптасу мен дамудың 30 жылдығы» атты І халықаралық ғылым Форумы аясында «Қазақстанның жас ғалымдарының ғылыми жетістіктері» көрмесін (ең мықты жасалған тәжірибелік-құрастырушылық үлгілер мен ғылыми-техникалық жұмыстарды таныстыру) өткізу жоспарланған.  

Көрменің мақсаты - ғылыми және инженерлік ойлар саласындағы жастардың үздік жетістіктерін танымал ету және дамыту, озық тәжірибені тарату және тәжірибелік-құрастырушылық үлгілер мен ғылыми-техникалық жұмыстарды таныстыру.

Көрменің қорытындысы бойынша қордың көтермелеу сыйлығына ұсынылатын ғылыми жобаларды анықтау жоспарлануда. Көрмеге қатысушылардың  барлығына сертификат табысталады.

«Қазақстанның жас ғалымдарының ғылыми жетістіктері» көрмесіне қатысуға өтініштерді 2021 жылдың 1 тамызына дейін мына электрондық мекен-жайға жіберу керек: roza@fnn.kz.

Жаңалық материалдары
Түсініктеме қалдыру