news-img

 «Қарасай ауданының білім беру қоры» корпоративтік қоры елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласының күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырып өткізді. Мереке Елбасының туған жері Шамалған ауылында, Қарасай батыр атындағы орта мектебінің аумағында өтті. Айта кетейік, аталған мектеп қабырғасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев оқыды.

Іс-шараға Елбасының жерлестері, еңбек сіңірген ардагерлер және Қарасай ауданының жастары шақырылды.

«Қарасай ауданының білім беру қорының» атқарушы директоры –  Исрайылов Еркін Дәулетұлы және Қарасай ауданы әкімінің орынбасары –  Сансызбаев Дулат Мұратұлы шараға келген қонақтардың алдында құттықтау сөзін сөйледі.

Олар ҚР Тұңғыш Президентінің тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы, сондай-ақ оның астананы көшіру туралы шешім қабылдаудағы рөлін атап өтті.

 «Ел тірегі Нұр-Сұлтан» ұранымен өткен салтанатты шаралар аясында мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

Би, фольклор, жеке орындаушылар, патриоттық әндер қамтылған концерттік нөмірлер ешкімді бей-жай қалдырмады, шара қонақтары оларды ыстық ықыласпен қабылдады.

Түсініктеме қалдыру