news-img

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні деп бекітілді. Осыған орай «Елбасы медалі» жобасына қатысушылар бірнеше іс-шара өткізді.

Семейде қатысушылар флешмоб ұйымдастырып, ұшар биіктен көрінетін аумақта ұлы ақынның бейнесі мен мемлекеттік ту бейнесін жинақтады.

Жоба  тәлімгері Индира Магзынованың айтуынша, ұйымдастыру іс-шаралары мен дайындыққа шамамен бір ай кеткен. Ал жобаға қатысушы Азизбек Сүлейменов «Көптеген баланың Абай мұрасын еске алып, оны бағалайтынына қуаныштымын. Оның жас ұрпаққа қалдырған еңбектері мен ақыл-парасаты өте құнды», - деп өз ойымен бөлісті.

Шымкентте жас балалар Абай ескерткішінің жанында кездесті. Олар ойшылдың танымал шығармаларын орындаса, алматылық қатысушылар музыкалық бейнеролик жасады.

Сондай-ақ, барлық өңірлерде білім-рингі өткізілді. Балалар ұлы ойшылдың өмірінен қызықты деректерге негізделген сұрақтарға жауап берді. Бұдан бөлек олар дарындылар байқауына қатысып, шешендік шеберлігін паш етті, музыкалық аспаптарда ойнады.

Барлық іс-шаралар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтап өткізілді.

Түсініктеме қалдыру