news-img

ҚР БҒМ «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 10-11 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен Алматы қаласында "Үздік авторлық бағдарлама" Республикалық байқауын өткізді.

            Байқау қорытындысын шығару рәсіміне Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, ел өңірлерінен келген педагогтар, қоғам қайраткерлері қатысты.

            Байқаудың мақсаты: оқу пәндерінің, элективті курстардың, арнайы курстар мен таңдау курстарының авторлық бағдарламаларын жасайтын үздік педагогтардың озық авторлық тәжірибесін анықтау және тарату.

            Педагог байқауларға қатыса отырып, инновациялық технологияларды практикаға енгізу және жұмыстың ең тиімді тәсілдерін іздеу және жүйелеу тәжірибесіне ие болады. Педагог үшін байқауға қатысу-кәсіби педагогикалық қызметте өз жетістіктерін көрсету, тәрбиеленушілермен жұмыс нәтижелерін көрсету, ата-аналармен, жергілікті қоғамдастықпен бірлескен жұмыс нәтижелерін көрсету мүмкіндігін білдіреді.

            Байқауға (өткізу Ережесіне сәйкес) 5 жылдан кем емес педагогикалық өтілі бар, жұмыстары өңірлік іріктеу кезеңінен өткен білім беру ұйымдарының барлық типтері мен түрлерінің педагог қызметкерлері қатысты.

            Конкурстық бағдарламаларды сараптау мен іріктеуді республиканың жетекші жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері арасынан тағайындалған арнайы сараптау комиссиясы жүргізді. Байқау жеңімпаздарының авторлық бағдарламалары жарияланып, дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу практикасына енгізіледі.

            Байқаудың қазылар алқасы қатысушылардың авторлық бағдарламаларын объективті түрде атап өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен, сондай – ақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры ұсынған бағалы сыйлықтармен марапатталды.

            "Үздік авторлық бағдарлама"-2019 республикалық байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен, сондай – ақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры ұсынған бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Түсініктеме қалдыру