«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Ұлы дала аңыздары» топтамасынан жаңа комикстер шығарылымының тұсаукесері мен комикстер желісі бойынша түсірілген көркем фотосуреттер көрмесін өткізді.

Іс-шараға елшілік дипломаттары, депутаттар, белгілі қоғам қайраткерлері, дизайнерлер, суретшілер және т.б. қатысты.

 «Ұлы дала аңыздары» жобасы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында жүзеге асырылуда және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге, өскелең ұрпақтың ұлттық мәдениет пен дәстүрлерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Мұражайының ғимаратында тұсауы кесілген комикстер қазақ халқының аңыздары мен хикаяларының желісі бойынша жасалып, «Махаббат туралы жеті хикая» және «Қазақ жерінің ұлы батырлары» тақырыптарына арналды.

Таныстырылған комикстердің қатарына «Еңлік-Кебек», «Естай-Қорлан», «Қозы Көрпеш», «Баян Сұлу», «Жұмбақтас», «Айша бибі», «Шайтанкөл», «Балқаш» сияқты жан түршігетін тағдырлар, жанқиярлық махаббат туралы ұлы қазақ даласының аңыздары кіреді. Бұл ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, бүгінгі күнге дейін сақталған тарих.

Көрмені ашқан Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева: «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік тілді дамытатын жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Бүлдіршіндерді қазақ тілін үйренуге ықпал ететін мультфильмдер мен кітаптардың аз екені ешкімге жасырын емес. Балаларға тілді жетік меңгеруге жетелейтін орта, мүмкіндік құру маңызды. Біз алғашқы қазақ комикстерін шығару бойынша жобаны қолдаймыз деп шештік. Бұл тек бастамасы. Мемлекеттік тілді дамыту бойынша жаңа жобаларды қолдауға дайынбыз», - деп мемлекеттік тілдің маңызын ерекше атады.

Баспа нұсқасынан басқа, комикстердің электрондық форматы да құрылды. Комикстер Qazcomics.kz арнайы сайтында орналастырылған, сондай-ақ мобильді қосымша әзірленді. Мұның бәрі аңызға айналған хикаяларды кез-келген уақытта және кез-келген жерде оқып таныстуға мүмкіндік береді.

Іс-шара қонақтары үшін ұлттық киім көрмесі мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Ұсынылған комикстер кітапханалар мен сауда орындарында таратылады.

Түсініктеме қалдыру