«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Бүгін Алматы энергетика және байланыс университетінде PROLAB жаңа мамандықтар зертханасы ашылды. Мультимедиялық кеңістіктің тұсаукесері Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен iTeacher академиясының қолдауымен өткізілді.

PROLAB бағдарламасы арқылы АЭжБУ-нің студенттері ғана емес, жоғары сынып оқушылары да жаңа дағдыларды меңгере алады. Жыл сайын жүздеген жаңа мамандықтар пайда болады. Сондықтан бітіру кезеңінде өзіңізге ұнайтын кәсіпті таңдау өте маңызды. Зертхана болашақ талапкерлерге еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға қол жеткізуге көмектеседі.

Зертхананың ашылу рәсімінде АЭжБУ-нің ректоры Сәуле Сағынтаева құттықтау сөз сөйледі. Ол PROLAB студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын және оларды заманауи қондырғылар инновациялық идеяларды іске асыруға  шабыттандыратынын айтты.

PROLAB жаңа мамандықтар зертханасы сияқты кеңістіктердің ашылуына қолдау көрсету – Нұрсұлтан Назарбаев Қорының адами капиталды дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерінің бірі. Елбасы жас қазақстандықтарға арнаған сөзінде елдің бәсекеге қабілетті екендігін айқындайтын негізгі фактор – жастар екендігін айтқан. Мемлекеттің одан әрі нығаюына және барлық салада елдің өркендеуіне үлкен үміт артып отырмыз, – деді Қордың аға үйлестірушісі Тимур Исмаилов.

Ол оған қоса, өмірдің әр түрлі салаларында тұрақты өзгерістер мен турбуленттілікке бейімделуді үйренудің маңызды екенін тілге тиек етті. Ал мұндағы тез үйрену және жаңа мамандықтарды меңгеру ең қажет дағдылар болып саналады.

Зертханаға алғашқы қатысушылар түзеу мекемелерінің тәрбиеленушілері мен көп балалы және аз қамтылған отбасылардың 15-17 жастағы балалары болды. Тұсаукесерден кейін бірден UX/UI Application Designer, Brand Visualizer және Presenter сияқты мамандықтардың негіздерін меңгеру үшін үш воркшоп ұйымдастырылды. 

Біз осы жастағы балаларды жайдан-жай шақырған жоқпыз. Олар болашақ мамандығын таңдау кезеңіне келді. Ал мен оларға бүгінгі күні жаңа мамандықтардың шексіз әлемінде тез арада жол табуға көмектесетін серпін береді деп үміттенемін,  – деді iTeacher академиясының директоры Юлия Андреева.

Ескерте кетейік, PROLAB бойынша курстарды түзеу мектептерінің, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары тегін оқи алады.

Түсініктеме қалдыру