«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Қарасай ауданының білім беру қоры қазақ әдебиеті пәнінен олимпиада ұйымдастырды. 

Олимпиада кибер-проекторингті қолдану арқылы proctoring.sdu.edu.kz веб-сайтының Moodle платформасында онлайн форматта өтті.


Олимпиадаға қатысуға үшін 39 мектептен 144 өтініш түсті. Өтініш жіберушілер Алматы облысы Қарасай ауданындағы жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып оқушылары.


Білім додасында қазақ әдебиеті бойынша оқулықтардың авторы, профессор, филология ғылымдарының кандидаты Баян Керімбекова және Қор қызметкерлері, оқу орталықтарының басшылары, жоғары оқу орындарының аға оқытушылары коммисия мүшелері болды. 


Олимпиадалық тапсырмалар тест және ашық сұрақтар түрінде болды. Сұрақтарға жазбаша түрде де жауап берілді.


Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздар тізімі: 
1 орын - Палтөре Әмина, Әл-Фараби атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясы. 
2 орын - Сламханова Аружан, Алмалыбек ауылының орта мектеп-гимназиясы. 
3 орын - Әбубәкір Толғанай, Белинский атындағы орта мектеп.

Түсініктеме қалдыру