«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Нұр-Сұлтанда еріктілер мен олар құтқарған иттер туралы баяндайтын «Адам итке дос» атты көрме ашылды. Фотожобаны «Shiba help kz» еріктілер тобы «Birgemiz: Ayala» әлеуметтік іс-шаралар аясында ұйымдастырды. Көрме 4-17 қазан аралығында өтіп, екі аптаға созылады. Келушілер түрлі-түсті фотосуреттерден еріктілер көмектескен бұралқы иттердің әсерлі оқиғалары туралы біледі.

Көрме Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының қолдауымен және «Қазақстан Волонтерлер лигасы» қоғамдық қорының, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ бастамасымен ұйымдастырылды.

«Адам итке дос» көрмесінің ашылуы 4 қазан - халықаралық жануарларды қорғау күніне орайластырылған. Көрме Қазақстан жануарларын қорғау туралы Заңының қабылдануын қолдау мақсатында өткізіледі.

«Shiba help kz» еріктілері көрме арқылы жануарларды қорғау туралы заңды тез арада қабылдау, жануарларға адамгершілікпен қарау қажеттігіне баса назар аударғысы келді.

«Біздің экспозицияда иттердің 17 суреті бар, олардың барлығын еріктілер көшеде жүрген жерінен өлімнен құтқарды. Олардың кейбіреулері үй тапты, кейбіреулері арнайы орталықтарда тұрады. Әрбір иттің тарихы әр-қилы, бірақ барлығы да Қазақстанға тән. Мұндай оқиғалар өте көп, күн сайын еріктілер жүздеген иттерді құтқарады, ал олардың мыңдаған санына көмектесуге мүмкіндік жоқ. Өлім мен қатыгездік конвеерін тоқтату үшін жануарларды қорғау саласында жүйелі реформалар жүргізу қажет. Мәселен,  міндетті түрде асыл тұқымды емес жануарларды чиптау және кастрациялаудан бастап, үй жануарлары иелеріне салықтар мен айыппұл салу.  Заңның қабылдануы және оның дәйекті орындалуы реформалардың негізі болуы тиіс», - дейді «Shiba help kz» басшысы Жәмиля Түскелдинова.

Көрмеге, сондай-ақ «Елбасы медалі» жобасының қатысушылары да келді. Жас белсенділер өздерінің жануарларды қорғау саласындағы қызметі туралы айтып берді. Мысалы, 10 сынып оқушысы Абуова Азиза «Аnimal rescue club»  үйсіз жануарларды қорғау жөніндегі мектеп клубын құрды, қазіргі уақытта клубта 40-тан астам жасөспірім бар. «Біз үнемі акциялар өткіземіз - осы айда біз сенбілік өткіздік, жануар қоршауларын жөндедік, ас құятын тостағандарды жудық, жануарларға тамақ әзірледік, олармен ойнадық. Қажетсіз жылы көрпелерді жинап, оларды орталықтарға тапсырамыз. Келесі аптада оқушылар арасында қайырымдылық кино кешін ұйымдастырамыз, түскен қаражат азық - түлік сатып алуға жұмсалады», - деп жоспарларымен  бөлісті оқушы. 11 сынып оқушысы Асанбай Алуа мобильді қосымшаны әзірлеумен айналысады, картада орнатылған үйшіктер көрсетіледі. Автордың ойы бойынша, күрке жылы, онда тамақ пен су болады.

Түсініктеме қалдыру