news-img

Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Қарасай ауданының білім беру қоры химия пәнінен олимпиада өткізді.

Олимпиаданы ұйымдастырушылардың сөзінше, оқушылар бұл білім додасына үлкен жауапкершілікпен және бүкіл зейінін салып дайындалған.

Олимпиада кибер-проекторингті қолдану арқылы proctoring.sdu.edu.kz веб-сайтының Moodle платформасында онлайн форматта өтті.

Олимпиадаға қатысу үшін 24 мектептен 54 өтініш түскен. Өтініш жіберушілер Алматы облысы Қарасай ауданындағы жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып оқушылары.

Білім жарысында оқу орталықтарының басшылары, жоғары оқу орындарының аға оқытушылары, PhD докторлары және Қор қызметкерлері коммисия мүшелері болды.

Олимпиада тапсырмалары есептерді  жазбаша шешуге арналған тест және ашық сұрақтар түрінде берілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша:

І орын – Абитова Аружан, (Алмалыбақ ауылының орта мектеп-гимназиясы);

ІІ орын – Байбақты Әйгерім, (Әль-Фараби атындағы мамандандырылған гимназия);

ІІІ орын – Қосаева Нұрия (Алмалыбақ орта мектеп-гимназиясы) жеңімпаз атанды.

Түсініктеме қалдыру