Таразда XIII халықаралық конференциясында инновациялық даму және Қазақстандағы ғылымның қажеттілігі туралы қорытынды жарияланды
2019 жылдың 7-8 қарашасында «Қазақстандағы инновациялық даму және ғылымның қажеттілігі» атты ХІІІ Халықаралық ғылыми конференция өтті. Іс — шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес және М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жас ғалымдар кеңесі ұйымдастырды.
Дәстүрлі конференцияға Қазақстан, Түркия, Қырғызстан және Өзбекстаннан 500-ден астам студенттер мен жас ғалымдар қатысты. Конференция басталмас бұрын жас ғалымдардың ғылыми жобаларының көрмесі өтті.
Конференцияның бірінші күні пленарлық сессиядан басталды, оны М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков ашты. Ол атап өткендей, «мемлекеттік даму әрбір жеке адамның әл-ауқатынан тұратын бүкіл қоғамның әл-ауқаты жағдайында ғана мүмкін болады және ғылым адамдардың өмір сүру сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады».
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры жас ғалымдар мен білім алушы жастарды қолдау жөніндегі қызметі туралы Сухраб Жапаров Қор жанындағы ғылым жөніндегі Кеңес төрағасының орынбасары әңгімелеп берді.
Білім трансферттеріндегі университеттердің рөлі Қор жанындағы ғылым жөніндегі Кеңестің мүшесі, Еуразия технологиялық университетінің ректоры Жанар Темірбекова сөз сөйледі. Ол кәсіпорын өндірісі барысында ғалымдар шешуге көмектесетін көптеген проблемаларға тап болатынын атап өтті.
«Болашақ» университетінің ректоры Қуаныш Дәуренбеков университеттің корпоративтік серіктестерімен және жергілікті атқарушы билікпен бірлесіп жүзеге асыратын жобалары туралы айтып берді. Ол цифрландыру технологияларының қауіпсіздігі мен жаңа буын мамандарын даярлауының тиімділігін атап өтті.
Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының доценті Мұхиддин Жулиев Орталық Азия елдерінің аумағындағы жыралы эрозияға арналған қашықтықтан зондтау және GIS әдістерінің тиімділігі туралы баяндады. Баяндама ағылшын тілінде таныстырылды.
И. Раззақов атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің ғылым бөлімінің меңгерушісі Руслан Асқарбеков төтенше жағдайларды болжауды жақсарту үшін қар көшкіндері мен селдердің қозғалысын модельдеу үшін зерттеу тобы қолданатын математикалық модельді сипаттады.
Ұлттық биотехнология орталығының Адам генетикасы зертханасының меңгерушісі, ҚР Білім және ғылым Министрлігі жанындағы жас ғалымдар Кеңесінің төрағасы Мақсат Жабағин «Қазақтардың генофондын қалыптастырудың генетикалық тарихы» тақырыбында баяндама жасады, онда ол Қазақстандағы оңтүстік аймақтардағы зерттеу тобының генофондты зерттеу нәтижелерін таныстырды. Сөз сөйлеуде үйсіндердің генофондының қалыптасу тарихына баса назар аударылды.
Екінші баяндаманы ағылшын тілінде М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің докторанты Маржан Қалмаханова жариялады, баяндама тақырыбы: «Exploring natural resources for a sustainable environmental protection with economic benefits» (Экономикалық пайдалармен қоршаған ортаны тұрақты қорғау үшін табиғи ресурстарды зерттеу).
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті Бекжан Абзалбекұлы өз сөзінде қант диабетімен ауыратындарға арналған ортопедиялық аяқ киімді 3D-технологияларды қолдану арқылы жасаудың толық процесі мен технологиясын таныстырды.
Конференция қатысушылары сондай-ақ, М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың мұражайын көруге және университет тарихымен танысуға мүмкіндік алды.
Күннің екінші жартысы «Science Slam» зияткерлік алаңында студенттердің баяндамаларына арналды. Студенттердің 10 баяндамасы өндіріс қалдықтары негізінде құрылыс мақсаттарына арналған жеңіл толтырғыштар жасау, тауар биржасын құру, Су ресурстарын басқарудың интерактивті геоақпараттық жүйесін әзірлеу, фасцилезбен күрестің тиімді биологиялық әдістерін жасау, Түркістан облысы флорасының географиялық картасын жасау, сондай-ақ осы салада өсетін өсімдіктерден эфир майларын алу жобаларына арналды. Сондай-ақ баяндамалар электролиттік оксидиялау әдісімен титан қорытпаларының бетін түрлендіруге, IT-волонтерлікке, эко-сөмкені пластикалық пакеттерге балама ретінде әзірлеуге және корпоративтік желілердің киберқауіпсіздік мәселелеріне арналған.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі жанындағы жас ғалымдар Кеңесінің төрағасы, биология ғылымдарының кандидаты Мақсат Жабағин: «Конференция жоғары деңгейде өтуде. Іс-шараны ұйымдастырушыларға лайықты құрмет беру керек. Бұған дейін Алматыда өткен дәстүрлі конференция өңірлерде өтіп жатқаны өте қуантады. Тараз ғалымдарына көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берілді. Таңертең, көрмеде жақсы жобалар пулын көрдік. «Science Slam» - да қызықты идеялар айтылды. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры осындай іс-шараларды ұйымдастыра отырып, жастардың арасында табиғи байланыс құруға мүмкіндік береді, оны біз Қасқасу қаласындағы жас Қазақстандық ғалымдар үшін жазғы мектеп түлектерінің мысалында бақылай аламыз. Конференцияларда кездесетін және байқауларға қатысатын жас ғалымдар алдағы уақытта бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасап, бір-біріне өзара қолдау көрсетіп, өзара идеялармен бөлісетін болады», –деп атап өтті.
Конференцияның екінші күні «Successful Grant Writing» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті, оның модераторы – ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры жанындағы ғылым жөніндегі Кеңестің мүшесі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің директоры Айнаш Ошибаева.
Селджук университетінің (Түркия) профессоры Альпер Уюмаздың баяндамасы білім алушы жастар мен жас ғалымдарға Түркия үкіметін ұсынатын гранттық мүмкіндіктерге арналды. Ол «Turkey Scholarships» және «Mevlana Exchange Programme» бағдарламаларының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері туралы айтты.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен Әділ Родионов өз сөзінде 2018-2020 жылдарға арналған ҚР Білім және ғылым министрлігін гранттық қаржыландыру конкурсына берілген өтінімдерді талдау нәтижелерін ұсынды. Сондай-ақ, ол семинарға қатысушылармен ғалымдарға ғылыми сапарларға конкурстық негізде гранттар беретін ұйымдар туралы ақпаратпен бөлісті.
ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы ғылым жөніндегі Кеңестің мүшесі, Satbayev University қауымдастырылған профессоры Ермек Тоқтаровтың баяндамасы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры гранттарына өтінім жасау жөніндегі ұсыныстарға арналды. Ұсыныстар Қорға түскен ғылыми-зерттеу жобалары мен travel-гранттарды гранттық қаржыландыруға өтінімдерді сараптау барысында анықталған қателерге негізделді.
Ұлттық биотехнология орталығының Адам генетикасы зертханасының меңгерушісі Мақсат Жабағин ғылыми өтінімдердің табысты құпиялары туралы, сонымен қатар сарапшылар гранттық қаржыландыруға түскен өтінімдерді бағалайтын жалпы критерийлерді сипаттап берді. Осы критерийлерді білу жас ғалымдарға өтінім жасау кезінде қателерді болдырмауға көмектеседі.
М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың Болон процесі және академиялық ұтқырлық бөлімінің бастығы, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Ельмира Фаизова семинарға қатысушыларды Erasmus+ бағдарламасының көмегімен біліктілікті арттыру мүмкіндіктерімен таныстырды.
Семинар барысында Қазақстандағы ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың өзекті мәселелері бойынша пікірталастар өткізілді.
Конференцияның екінші күнінде тағы бір маңызды іс-шара Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының биология және биохимия кафедрасының профессоры Марлен Есіркеповтың «Ғылыми зерттеу жүргізудегі негізгі қателіктер» атты шеберлік-сабағы болды. Шеберлік-сабақ қатысушылары ғылыми мансабында өз жолын бастаған магистранттар мен докторанттар болды. Профессор Есіркепов шетелдік жоғары рейтингті журналдарда мақалаларды жариялау тәжірибесімен бөлісті.
Конференция ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры жанындағы Ғылым кеңесі өткізген «Үздік ҚМЖ», «Science Slam» байқауларының жеңімпаздарына марапаттаумен аяқталды. Сондай-ақ, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ ЖҒК «Үздік ғылыми мақала» және Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Жастардың инновациялық әлеуеті - 2019» байқауының нәтижелері шығарылды.
- Менің ойымша, бұл конференцияны дұрыс және уақытылы өткізу шешімі болды. Егер іс-шараның өткізілетін орны жылдан жылға өзгеретін болса, ғылыми ынтымақтастық географиясы кеңейтілетін болады, бұл маңызды фактор болып табылады. Барлық ғылыми баяндамалар әлемдік ғылыми кеңістікте өз салмағы мен орны бар, өйткені бұл әлемдік білімнің жалпы жинағына енгізіледі. Қазақстан жастарының ғылыми білімі жас ғылым қайраткерлерінің қатары сияқты толықтырылуы тиіс. Бұл Қазақстанның жас ғалымдар Кеңестерінің қызметін танымал етуге алып келеді, осы конференцияның әсерін арттырады. Мен қатысуға, қазақстандық әріптестерімді тыңдауға, Қазақстанның жас ғалымдарымен баға жетпес тәжірибе алмасуға өте қуаныштымын. Нақты нәтижеге, тауарлық белгіге, өнімге жеткізілген жұмыстармен танысуға болатын жобалар көрмесі ұнады, — деп И.Раззақов атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің ғылым бөлімінің меңгерушісі Руслан Асқарбеков өз пікірімен бөлісті.
XIII жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының материалдары – том 1
XIII жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының материалдары – том 2
Тұңғыш Президент Қоры жанындағы
ғылым кеңесінің мүшесі,
Satbayev University қауымдастығының профессоры
Ермек Тоқтаров
Елбасының Қоры баспасөз қызметі
PR-менеджер Артур Жұмашев
+7 708 960 56 13, +7 (727) 220-92-16