news-img

«Цифрлық трансформация және жаңа өмір сапасы» тақырыбында «OPEN MIND» ашық инновациялар онлайн-форумы жұмысын аяқтады.

Форум сессияларының тақырыптары коронавирустың пандемия кезінде бүкіл әлемде болып жатқан жеделдетілген цифрлық трансформация бағытына арналды.

Өзекті мәселелерді талқылауға Қазақстан Үкіметінің, корпоративтік сектордың, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, цифрлық қызметтерді шетелдік әзірлеушілер, IT-компаниялардың басшылары және т.б. тұлғалар қатысты.

Форум сессиялары барысында «Ашық инновациялар мен жаңа цифрлық шындықтың міндеттері», «Цифрландыру және құқық: жаңа сынақтар», «Қазақстандық стартаптар сыртқы нарыққа қалай шығады», «Аутсорсинг. Қазақстан», «Қазақстандық университеттер қалай жаңа технологиялық жобалардың пайда болу алаңына айналуы мүмкін» деген тақырыптар талқыланды.

Форум кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырған «KazRoboProject-2021» робототехника байқауында және «Smart Zholy» хакатонында жеңімпаз болғандардың есімі анықталды. Бұл форумның  маңызды бөлімі болды.

Жыл сайын робототехника бойынша чемпионат (10 жастан 21 жасқа дейінгі жастар арасында өткізіледі) еліміздің барлық аймақтарынан ондаған жас өнертапқыштарды анықтайды.

«Smart Zholy» бағдарламасы перспективалы IT -стартаптарды қолдауға, олардың үздіктерін халықаралық деңгейге шығаруға бағытталған. Бағдарлама жеңімпаздары бірнеше жылдан бері Сингапурдегі Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі стартап алаңында өз жобаларын ұсынып келеді.

 «KazRoboProject-2021» байқауының «Концепт» номинациясы бойынша:

- 10 жастан 15 жасқа дейін – «Trashbot» жобасы бар «Jylyoi tehnik» командасы. Бұл судағы қоқысты жинауға арналған құрылғы. Ол жүзіп контейнерде пластмассаны және басқа қалқымалы қоқыстарды жинайды. Бұл модельде процесті автоматтандыру элементтері, датчиктер мен ақпаратты беру құрылғылары бар;

- 16 мен 21 жас аралығында – «Eco-Robot» жобасы бойынша «Team Atom» командасы. Бұл робот қала көшелеріндегі қоқысты офлайн режимде және камера мен интернетті қолдана отырып басқару арқылы жояды.

 «Прототип» номинациясы бойынша жеңімпаздар:

- 10-15 жас аралығында – «Ақылды Terminal» жобасын дайындаған «Smart-TOP» командасы алды. Олар мекеменің кіре берісіне орналастыруға болатын, дене температурасын өлшейтін, антисептикалық заттар шашатын және келушілерге маска тарататын терминал ойлап тапты;

  - 16 мен 21 жас аралығында – «Кванториум» командасы. Бұл команда 18650 аккумуляторды автоматты түрде зарядтауға арналған станция ойлап тапты. Павлодар колледжінің жоғары курс студенттері батареяларды үлкен көлемде үздіксіз зарядтауға арналған толық автоматтандырылған кешен әзірледі. Батареялар құрылғыға контейнерден жеткізіледі. Батареяның зарядтауға жарамдылығы мен полярлығы тексеріледі.

«Smart Zholy» хакатонына қатысушыларға Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасында ішкі процестердің тиімділігін арттыру үшін жаңа цифрлық шешімдерді құру тапсырмасы жүктелген болатын.  Атап айтқанда, бұл мобильді қосымшалар, заманауи технологиялар арқылы қолданатын бағдарламалық шешімдер болуы мүмкін еді.

Хакатонға 35 -тен астам қатысушы өтінім жіберді.  Олардың арасынан 5 команда ақтық кезеңге өтті. «Smart Zholy» байқауының нәтижесінде  «Automatico командасы» жеңімпаз атанды. Команда транспорт саласы үшін процестерді автоматтандыру мен алмастырудың тиімді шешімін құрды.

Түсініктеме қалдыру