news-img

Олимпиада кибер-проекторингті қолдану арқылы proctoring.sdu.edu.kz веб-сайтының Moodle платформасында онлайн форматта өткізілді. Олимпиадаға қатысу үшін 48 мектептен 301 өтініш жіберілген. Қатысушылар Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып оқушылары.

Білім жарысында SDU, Master of Arts оқу орнынының аға оқытушысы,  Қор қызметкерлері және білім беру  орталықтарының басшылары  комиссия болды. Олимпиадада тест тұрақтары және ашық сұрақтар, жазбаша түрде жауап беруге арналған тапсырмалар берілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды. Жеңімпаздар тізімі:

І орын – Секенова Әйгерім, Алмалыбақ ауылының орта мектеп-гимназиясы;

ІІ орынДастан Аяулым, Абай атындағы орта мектеп-гимназиясы;

ІІІ орын – Кенжебаева Ақбөпе, Алтын ауылдық орта мектебі.

Түсініктеме қалдыру