«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

«Құқықтық диалогтар» жобасының «Қазақстан Конституциялық құқығының классиктері» тақырыбындағы кезекті вебинар-дәрісі өтті. Ғылыми-білім беру алаңын Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институты «Мейірімділік акселераторы: Izgilik elshisi» жалпыұлттық еріктілер қозғалысымен бірлесіп ұйымдастырды.

Дәстүр бойынша диалогтың модераторы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасындағы Еуропа Кеңесі Венеция комиссиясының мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов болды.

Бүгінгі шара дәуірлік оқиға – еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады. Бұл мерейтой заманауи табысты мемлекет құрған Қазақстан халқының орасан зор тарихи жетістіктерінің сенімді дәлелі.  Барлық жетістіктеріміз Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегенділігі және Қазақстан азаматтарының жанқиярлық еңбегінің жемісі, – деді вебинар жүргізушісі.

Сонымен қатар ол, «жаңа мемлекеттілігіміз бос жатқан жерден пайда болмағанын есте ұстаған жөн. Қазақстандық ғалымдардың, ең алдымен заңгерлердің күш-жігерімен жаңа мемлекет құруға мүмкіндік берген әдістемелік база жасалды. Бұл ретте, әрине, алтын ғылыми қорымыздың классиктерінің есімдері мен идеяларын білу маңызды» екендігін атап өтті.

Айта кету керек, «Құқықтық диалогтар» жобасының лекциялары мен талқылаулары студенттердің, ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамының, практикалық заңгерлердің және құқықтық мәселелерге қызығушылық танытқан көпшіліктің шынайы қызығушылығын тудырып отыр. Жобаның осындай танымалдылығы негізінен көрнекті ғалымдар мен заңгерлердің қатысуының арқасында болды.

Бүгінгі вебинардың лекторлары заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры Еркеш Нұрпейісов; Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Мұхтар Құл-Мұхаммед; М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің құқықтық саясат, конституциялық заңнама және мемлекеттік басқару бойынша ғылыми жобалардың жетекшісі, «Заң және мемлекет» журналының бас редакторы, заң ғылымдарының докторы, профессор Сергей Ударцев; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Виктор Малиновский болды.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Мәми «Қазақстан конституциялық құқығының классиктері» атты дәрісті тыңдаушыларға құттықтау сөз сөйледі.

– Біз бүгін заң ғылымының дамуына үлес қосқан тұлғаларды еске ала отырып, оларды есімізге алып, құрметтеп қана қоймай, өскелең ұрпаққа құнды мәліметтерді жеткізудеміз. Осылайша, интеллектуалдық сабақтастық үзілмейді. Біздің кездесуіміз конституциялық құқық классиктеріне арналады. Олардың еңбегi сол, мiне,  егемендiгiмiздi жариялағанымызға 30 жыл өтті. Біз егемендiгiмiздiң берік іргесі қалыптасқанын анық айта аламыз. Олардың қалыптасқан институттар туралы идеялары мен ғылыми еңбектері мемлекеттік билік пен басқару функцияларын белгіледі, – деді спикер.

Оған қоса, Қайрат Мәми ең алдымен, конституциялық құқық саласындағы бірегей ғылыми еңбектер мен зерттеулердің кітапханасын құру бастамасын көтерді. Ол жиналғандарды заң ғылымы саласындағы бұрын жарияланған ғылыми еңбектердің, монографиялардың, оқулықтар мен кітаптардың көшірмелерін Конституциялық Кеңеске жолдауды ұсынды. Бұл әдебиетттер тек ғалымдарға ғана емес, барлық тәжірибелі заңгерлерге де тегін және қолжетімді болады. Оның ойынша, мұндай шара ұлттық құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Вебинар барысында лекторлар Салық Зиманов, Қайрат Сапарғалиев, Сұлтан Сартаев және Владимир Ким секілді Қазақстанның көрнекті заңгерлері мен құқықтанушылардың өмірбаяндары мен кәсіби және шығармашылық жолындағы басты белестерін тілге тиек етті.

Еркеш Нұрпейісов классиктердің кәсіби қасиеттеріне шолу жасады. Ол Ғайрат Сапарғалиевтің тың ұсыныстарды тұжырымдаудағы ұқыптылығымен және айқындылығымен ерекшеленетініне назар аударды. Өз кезегінде стратегиялық шешімдерге бет бұрған Салық Зиманов тың идеялардың қайнар көзі болды. Оның заңгерлік қоғамдастық арасындағы кең танымалдығы қазақстандық конституцияның елден тысқары жерлерде лайықты көрінісін қамтамасыз етті. Ал Сұлтан Сартаев шешендік өнердің шебері ретінде ел басшылығының конституциялық бастамаларының қолайлы имиджін қалыптастырды.

Қазақстанның конституциялық құқығының негізін қалаған классиктердің осы қасиеттерінің барлығы тәуелсіздікке енді ғана қол жеткізген ұлт болашағы жолында ел дамуының аса маңызды кезеңдерінде болды, – деп түйіндеді ғалым.

Мұхтар Құл-Мұхаммед заң ғылымының көрнекті қайраткері, академик Салық Зиманов туралы айта келіп, оның заң тарихнамасына, қазақтардың әдет-ғұрып құқығын зерттеуге және конституциялық-құқықтық зерттеу әдістемесіне қосқан үлесіне ерекше назар аударды.

Баяндамада Сергей Ударцев «С. Сартаев – ғалым, ойшыл және конституциялық құрылыстың тәжірибелі маманы» деп академиктің Қазақстандағы конституционализм идеяларының қалыптасуы мен жүзеге асуындағы рөлін көрсетті. Атап айтқанда, Сұлтан Сартаевтың тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының құрылуына атсалысуының үш тағдырлы эпизодына мән берді. Біріншіден, оның БАҚ-та Қазақ КСР Президенті лауазымын белгілеу қажеттілігін негіздеу және Президент лауазымын белгілеу туралы заң жобасын Жоғарғы Кеңестің сессиясында ұсынумен баяндамасы маңызды саналды. Бұл түйткіл Мәскеудің осы мәселені алып тастау туралы ұсынысына қарамастан қаралды. Екіншіден, С. Сартаев 1990 жылы 25 желтоқсанда Декларация жобасын дайындап, оны бір топ депутаттар пысықтап, олар қол қойып, жариялады. Үшіншіден, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің мәжілісінде Сартаев тағы бір тарихи баяндама жасады. Ол Қазақстанның тәуелсіздігін ресімдеген Конституциялық заң жобасы туралы болатын.

Профессор Сергей Ударцев Сұлтан Сартаевтың шын мәнінде тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушылар тобының бірі екендігіне тоқталды.

Одан кейін Виктор Малиновский ғалым және дарынды зерттеуші Владимир Ким туралы сөзінде: «Владимир Александровичтің барлық монографиялары егемен Қазақстанның конституциялық құрылысы саласындағы елеулі ғылыми зерттеулер болып саналады», – деді.

Олардың құндылығы ғалымның республика өміріндегі бірқатар маңызды саяси оқиғаларға тікелей қатысушы болуымен де айшықтала түседі.

Кимнің монографияларының арасынан заңгер, ғалымдар қазіргі кезеңге тарихи, ғылыми және саяси талдау жасайтын «Жаратылыс дәуірі (Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоғамдық-саяси және конституциялық-құқықтық көзқарастарын талдау)» еңбегін ерекше қарастырады. Монографияда жаңа тарихи дәуір – мемлекеттік тәуелсіздік дәуіріне қадам басқан өтпелі кезеңдегі қоғамды, мемлекет пен құқықты терең жүйелі талдауды біріктірген автордың әдіснамасы мен зерттеу әдістерін виртуоздық шеберлігі қамтылған.

Лекцияның толық нұсқасын YouTube-тағы мына сілтеме арқылы көруге болады:  https://www.youtube.com/watch?v=ujAFO3duzwg

 

Нұрсұлтан Назарбаев қорының

Алматы қаласындағы өкілдігі

PR-менеджер Артур Жұмашев,

+7 708 960 56 13,

pr.zhumashev@gmail.com

Түсініктеме қалдыру