news-img

Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы «Елбасы академиясы» жариялаған байқауға 49 жас рэп  орындаушы қатысты. Олар үздік атану үшін бәсекеге түсті.

Бірнеше апта бойы ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шығармашылық жұмыстарды қабылдады.

Байқауға қатысушылардың жұмыстары Қазақстанның тәуелсіздігі тақырыбына арналған. Олар еліміздің тәуелсіздік алған жылдары жеткен жетістіктері, тарихы мен армандары жайлы өз ойларын білдірді.

Орындаушылардың туындылары Instagram желісінде #Elbasyacademy_rap хэштегімен жарияланған. 

Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды:

🥇І орын Нұрболат Жайдар https://www.instagram.com/tv/CVx_umjAfh5/?utm_medium=copy_link

🥈 ІІ орын – Шалқаров Қуаныш https://www.instagram.com/tv/CVvOM9vKm6P/?utm_medium=copy_link

🥉 ІІІ орын - Жанұзақова Дильназ https://www.instagram.com/tv/CV1s_C2KC7l/?utm_medium=copy_link

 Бірінші, екінші, үшінші орындарға 250, 150 және 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі.

Жеңімпаздарды және байқауға қатысушылардың барлығын құттықтаймыз және жаңа шығармашылық табыс тілейміз!

Түсініктеме қалдыру