«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

2021 жылдың 2 желтоқсанында «Алматы Арена» мұз сарайында «ETU Robocon – 2021» студенттері арасында робототехникадан екінші республикалық чемпионат өтеді. Байқауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Еуразиялық технологиялық университеті ұйымдастырады. Бірлескен ұйымдастырушы ретінде «TMK Development Group» ЖШС де байқаудың өтуіне атсалысады.

Орталық Азиядағы ең үлкен жабық мұз айдынында робототехника бағыты бойынша өтетін жарыста 15 команда чемпион атағына таласады.

Қазақстандық жастарға маңызы зор шара еліміз үшін айрықша екі дата – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған және «Цифрлы Қазақстан» мен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын дамыту аясында жүзеге асырылады.

«ETU Robocon – 2021» чемпионаты – Arduino платформасына негізделген (микроконтроллерлер) университет командалары арасындағы робототехника бойынша жарыс. Оның ерекшелігі – жас ғалымдарға роботтарды «нөлден» құрастыруға мүмкіндік береді. Чемпионатқа қатысушылар құрастырудан бағдарламалауға дейін (дизайн, механика, электроника, роботтың интеллект бағдарламасын жазу) бәрін өздері жасап көреді.

Осы орайда айта кетейік, шараның мақсаты – жас дарынды қазақстандықтарға жаңа технологиялар мен робототехника саласында, стартаптар құру, инновациялық шешімдерді әзірлеу, бағдарламалау, инжиниринг саласында өз әлеуетін одан әрі іске асыру үшін заманауи білім мен дағдыларды беру.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың ақпан айында Алматыда жоғары оқу орындары арасында робототехникадан I республикалық чемпионат сәтті өткен болатын.

Ол «Halyk Arena» мұз сарайының базасында өтті.  Оған 3500-ден астам көрермен жиналды. Қазақстандағы жоғары оқу орындарынан 15 команда қатысты. Сол жарыста студенттерден құралған 3 команда жеңімпаз атанды. Олар: Almaty Management University – 1 орын, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 2 орын, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты – 3 орын.

Биыл чемпионат санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізіледі. Командалардың өнерін YouTube желісінен көруге болады.

Өтетін орны:  Алматы қаласы, «Алматы Арена» мұз кешені, Нұркент шағын ауданы, 7

Шараның басталу уақыты: сағат 10:00.

БАҚ өкілдері үшін сағат 9:00-де баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

Аккредитациядан өту міндетті: Артур Абдрахманов, a.abdrakhmanov@etu.edu.kz,

8 700 643 40 02.

Түсініктеме қалдыру