Балаларға арналған Жаңа жылдық ертегi
Әсіресе балалар үшін бұл таңғажайыпқа толы күндер. Ересектер де мереке қарсаңындағы қарбаласпен қатар, айналадағы сиқырлық салдарынан ерекше әсерде болады.
Тұңғыш Президент Қоры Астананың бүлдіршіндеріне Жаңа жыл мерекесін сыйлады. «Моананың жаңа жылдық хикаясы» қойылымы балақайлар мен олардың ата-аналарын таңғажайып әлеміне жетеледі.
Дисней әлемінің 13-ші ханшайымы Моана Туи – көсемнің 14 жастағы арманшыл қызы. Оның досы Мауи өзін жартылай құдай деп санайды және кейпін өзгерте алатын қасиетке ие.
Бүлдіршіндер Моана мен Туи кейіпкерлерімен бірге су, ғарыш, мәңгі мұз және тағы басқа әлемдерге саяхат жасады. Сонымен қатар түрлі аниматорлар балалардың көңілін көтерді.
Ертегі болғандықтан, зұлымдықсыз болмайды. Ертегілерде жақсылық басым түсуі шарт. Бұл қойылымда Зұлым патшасы Жаңа жылдық мерекені ұрлап әкетпек болды. Алайда балақайлардың көмегімен оның сиқыры жойылып, елордаға Аяз Ата мен Ақшақар келеді.
Кейіпкерлермен бірге қиын тапсырмаларды оңай орындаған балалар жарық диодты 90 минуттық шоудың қалай тез өтіп кеткенін байқамағандықтан, сүйікті туынды кейіпкерлермен қоштасудың өзі қиынға соқты.