news-img

Қазіргі кезде белгілі бір тілді үйренуге көмектесетін көптеген интернет ресурстар бар.

Тілдерді білу адам үшін көптеген жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: ой-өрісін кеңейтеді, тұлғаны байытады, бай рухани дүниесін қалыптастырады және адамды бәсекеге қабілетті етеді.

Балаға жаңа тілді үйретуді кішкентай кезінен бастау өте маңызды. Бірақ балаңыздың тіл үйренуге деген ынтасын арттыруға қалай көмектесе аласыз? Балаларды тіл үйренуге қалай қызықтыруға болады?

Тіл үйрету үшін ерекше, арнайы құралдарды, жаңаша оқыту форматтарын қолдану қажет. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қорының bala.soyle.kz ресурсында жазылған.

Бұл тамаша ресурсты қолданып, Сіз қазақ тілінің грамматикасымен танысып, ойын түріндегі ән, тақпақтар мен жұмбақтар, жаңылтпаштар және санамақ өлеңдер арқылы сөздік қорыңызды байыта аласыз!

Тіл үйренуде сөздерді тыңдау функциясы да жақсы көмектеседі. 

Тіл үйрететін сайт балалардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға да үлес қосады. 

Сайтқа кіріңіз!

Өзіңізге және балаңызға қазақ тілін үйренуді тамаша бастау үшін жаңа ресурс ашыңыз!

Түсініктеме қалдыру