news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Қарасай ауданының білім беру қоры жыл сайын қазақ, ағылшын және орыс тілі пәндері бойынша олимпиадалар өткізеді.

16 ақпанда орыс тілі пәнінен олимпиада өтті.

Іс-шара proctoring.sdu.edu.kz сайтының Moodle платформасында киберпрокторингті қолдану арқылы онлайн режимде өтті.

Олимпиадаға қатысу үшін Алматы облысы Қарасай ауданындағы жалпы білім беретін 28 мектептің 11 сынып оқушылары 127 өтініш  жіберген. 

Қор қызметкерлері, оқу орталықтарының жетекшілері және ассоцияланған профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Бекмамбетова Зәнипа Жұмамұратқызы комиссия мүшелері болды. 

Олимпиада тапсырмалары тест сұрақтары түрінде болды. 

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды. 

І орын - Умиртай Девора, Алмалыбақ ауылдық мектеп-гимназиясы.
ІІ орын - Ахет Нұрайна, Керімбекова атындағы орта мектеп. 
ІІІ орын - Абылхан Аяулым, Сәтпаев атындағы орта мектеп.

Түсініктеме қалдыру