news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы «Қарасай ауданының білім беру қоры» КҚ Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты мектеп оқушыларының арасында «Жасұлан» әскери-спорттық ойынын өткізді. Ақтық сайыс Шамалған ауылындағы Қарасай батыр атындағы орта мектепте өтті.

Іріктеу ойынының алдында ұлдар мен қыздар арасындағы жарыстың ережесі мен түрі жазылып, қарастырылып, бекітілді. Алғашқы әскери дайындықтың бір бөлігі іспетті бұл дәстүрлі іс-шара өскелең ұрпақты патриотизмге баулып, жеңіске деген құлшынысын арттырып, ерік-жігерін жаниды. 

Байқау аясында 55 мектептің командасы арасында аймақтық іріктеу ойындары өткізілді. Комиссия мүшелері әрбір ойынға қатысып, мылтық атуда мерген, автомат құрастыруда ең жылдам, оқу гранатасын лақтыруда, турникке тартылуда, жүгіруде ең төзімді жанды анықтады.

Бұған қоса, комиссия балалардың командадағы рөлін, тапсырманы бірігіп орындауын, саптық әндерді шырқауын т.б. бағалады.  


Сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері: 
1 орын - Береке орта мектебі; 
2 орын - Жандосов атындағы орта мектеп; 
3 орын - Әлімқұлов атындағы орта мектеп

Түсініктеме қалдыру