news-img

2022 жылдың 18 қыркүйегіне дейін «ЖасSTAR Grants Program» шығармашылық жобасын қолдау және дамыту үшін республикалық гранттар байқауы өтеді.

Сізде екі миллион теңгенің иесі болуға және батыл әрі бірегей шығармашылық идеяны іске асыруға тамаша мүмкіндік бар.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының байқауына 40 жасқа дейінгі шығармашыл қызметкерлерді, сонымен қатар, мәдениет, өнер саласында еңбек ететін шығармашыл бірлестіктер мен ұйымдарды қатысуға шақырамыз.

Айта кетейік, байқау үш кезеңнен тұрады:

• I-өтінімдерді қабылдау және бірінші іріктеу - 2022 жылғы 1 шілдеден 18 қыркүйекке дейін.
• II-жобаларды бағалау және финалистердің шорт-парағын қалыптастыру.
• III-Алматы қаласында финалистердің тұсаукесері және «ЖасSTAR»халықаралық шығармашыл жастар фестивалі аясында жеңімпаздарды анықтау.

Байқау қорытындысы бойынша 10 жеңімпаз анықталып, оларға жобасын іске асыру үшін 2 млн теңге көлемінде грант беріледі.

Байқау туралы толық ақпарат grant.jasstar.kz сайтында. 

Барлық қатысушыға жарқын идея, батыл шешім және жеңіс тілейміз!

Түсініктеме қалдыру