«Қамқорлық» оңалту орталықтары

«Қамқорлық» оңалту орталықтары мемлекеттік ауруханалар базасында ашылып, 18 жасқа дейінгі нейро-ортопедиялық ауытқуы бар балаларға кешенді көмек көрсетеді. Мұнда балалар медициналық, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік қолдау алады.
Жыл сайын 15 орталық 9000 балаға қызмет көрсетеді.
Орталықтар Ұлыбритания, АҚШ, Германия және басқа елдердің жетекші өндірушілерінің заманауи жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Кейбір технология Қазақстанда осы орталықтарда ғана бар. Бұған қаржыны «Самұрық-Қазына» АҚ бөлген.
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мамандарға арналған үш кезеңді оқыту жүйесін (біліктілікті арттыру курстары, жұмыс орындарында көшпелі семинарлар, шетелдік тәлімгерлердің қатысуымен тренингтер) ұйымдастырды.
Орталықтарда оңалту дәрігерлері, логопедтер, кәсіптік терапевттер, психологтар, ЕДШ нұсқаушылары және басқа да мамандар жұмыс істейді. Орталыққа арналған ғимаратты жергілікті атқарушы органдар беріп, заманауи стандартқа сай жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Орталықтар мынадай 15 өңірде орналасқан:
Ақмола облысы/ Көкшетау қ.
Ақтөбе облысы / Ақтөбе қ.
Алматы облысы/ Ұзынағаш ауылы
Алматы облысы / Бәйдібек би ауылы
Атырау облысы / Атырау қ.
Шығыс Қазақстан облысы / Өскемен қ.
Абай обл./ Семей қ.
Жамбыл облысы / Тараз қ.
Жамбыл облысы/ Шу қ.
Батыс Қазақстан облысы/ Орал қ.
Қостанай облысы / Рудный қ.
Қызылорда облысы/ Қызылорда қ.
Маңғыстау облысы / Ақтау қ.
Түркістан облысы / Түркістан қ.
Астана қ.
Байланыс нөмірі: +77172571426
«Қамқорлық» оңалту орталықтары