«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
contest-img

ГРАНТЫ ДЛЯ НАУЧНЫХ КОНФЕРЕНЦИИ ИЛИ НАУЧНОЙ СТАЖИРОВОК

Грант жас ғалымдар мен студенттерге олардың біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеу нәтижелерін анықтау, отандық және халықаралық зерттеулерге қатысуды ұйымдастыру, зерттеу және білім институттары арасында байланысты нығайту үшін беріледі.

Грант сомасы жолына және екі аптадан аспайтын мерзімге  (14 күнтізбелік күн) жатын орынға кететін шығындардан тұрады. Грант бөлу байқау негізінде жүзеге асырылады.

ГРАНТ ТҮРЛЕРІ

Қордың жол шығындарына арналған грант түрлері:

  • ғылыми конференцияларға (семинарға, конгреске, съезге) қатысу үшін  жол шығындарын өтеу гранттары  – ғылыми қызметкерлер үшін;
  • ғылыми тағылымдамадан өтуг үшін жол шығындарын өтеу гранттары – ғылыми қызметкерлер үшін;
  • ғылыми конференцияларға (семинарға, конгреске, съезге) қатысу үшін жол шығындарын өтеу гранттары – студенттер үшін.

ҮМІТКЕРЛЕР

Байқауға ғылыми зерттеулерге белсенді қатысатын, 40 жастан аспаған Қазақстан азаматтары, оқу дәрежесі бар (ғылым кандидаты не ғылым докторы, не философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор) ғылыми қызметкерлер (ғылыми ұйымдарда, жоғары оқу орнында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін тұлғалар) және ЖОО-ның бітіруші курстарының (магистратура, бакалавриат) студенттері қатыса алады.

ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАР

Байқау келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

  • Физика, математика, инженерлік ғылымдар;
  • Экология, жер туралы ғылымдар, ауыл шаруашылығы ғылымдары;
  • Химия, технология, техникалық ғылымдар;
  • Медицина және биология;
  • Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар.

ӨТІНІШ БЕРУ

Көрсетілген мерзімде үміткер тізімдегі қажетті құжаттармен бірге байқау өтініштерін береді (Ғылыми конференцияларға не ғылыми тәжирибеден өтуге қатысу үшін жол шығындарын һтеу гранттарын бөлу  туралы Ережені қараңыз). Өтініш барлық қосымша құжаттармен бірге ізденуші қолымен расталып бір данада беріледі.

ГРАНТ БЕРУ

Грант иегерлерін Қордың құрамында кемінде 5 мүшесі бар байқау комиссиясы анықтайды. Комиссия шешімдері қарапайым дауыс көпшілігімен ашық дауыс беру жолымен қабылданады.

ГРАНТ БӨЛУ

Грант (демеушілік көмек) шарт жасалғаннан кейін бөлінеді. Сапардан келгеннен кейін грант иесі ақшалай қаражатты нысаналы пайдаланғаны туралы есеп береді. Мақсатсыз пайдалану фактісі анықталған жағдайда Қор төленген қаражаттың қайтарылуын талап етуге құқылы.

contacts-Едігеева Роза Мақашқызы
Едігеева Роза Мақашқызы
Жобаның басты үйлестірушісі

Ғылыми конференцияларға немесе тағылымдамаларға арналған гранттар

Әлеуметтік навигатор