«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
contest-img

Интернет жүйесіндегі үздік қазақтілді ресурстарды анықтау мен насихаттау және интернет ресурстардың саны мен сапасын жақсартуға  үлес қосып жүрген отандық қазақтілді сайттарды қолдау мақсатында жыл сайын өткізілетін байқау.

Сыйлық 10 номинация бойынша тағайындалады:

  •  «Өткір тіл» — қазақ тілін және ұлттық құндылықтарды насихаттайтын үздік сайт;
  •  «Рухани азық» – қазақ әдебиеті мен мәдениетін насихаттайтын үздік сайт;
  •  «Терең ізденіс» — қазақ елінің тарихын насихаттайтын үздік сайт;
  •  «Шынайы өмір» – қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын үздік сайт;
  •  «Спорт тынысы» — салауатты өмір салты мен спортты насихаттайтын үздік сайт;
  •  «Білім бұлағы» — білім беретін үздік сайт;
  •  «Жастар әлемі» — жастарға арналған үздік сайт;
  •  «Аймақ айнасы» — үздік аймақтық сайт;
  •  «Балаларға базарлық» — балаларға арналған үздік сайт;
  •  «Ойын-сауық» —  үздік ойын-сауық сайты.

Әр номинация бойынша үздік сайтқа 385 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық тапсырылады. 

Толық ақпарат сілтеме арқылы: https://www.qazaq-found.kz/rus/?p=3267

contacts-Шауеев Азат Садметұлы
Шауеев Азат Садметұлы
"Мемлекеттік тілді дамыту қоры" КҚ директоры
contacts-Қамысбаева Сұлушаш Иманқұлқызы
Қамысбаева Сұлушаш Иманқұлқызы
"Мемлекеттік тілді дамыту қоры" КҚ жоба менеджері

«Үздік қазақ тілді интернет-сайт сыйлығы» байқауы

Әлеуметтік навигатор