contest-img

«Debat Eli» қоғамдық қоры 2024 жылы құрылған, бұл пікірсайысты ұлттық және халықаралық деңгейде дамытуға бағытталған Қазақстандағы жалғыз қор.

«Debat Eli» ҚҚ ресми түрде World Schools Debating Championship Ltd халықаралық ұйымының мүшесі атанып, әлемнің 68 елін біріктіретін қауымдастыққа қосылды. Осылайша, Қазақстан атынан Әлем чемпионатына (WSDC) қатысуға ерекше құқыққа ие болды. Орталық Азия елдері ішінде мұндай мәртебеге алғаш ие болған Қазақстан үшін бұл тарихи маңызды қадам, сондай-ақ осы жетістік ТМД елдері үшін де айрықша мәнге ие. Сонымен қатар, қор Oxford Union Society және Cambridge Union ұйымдарымен серіктестік орнатқан.

«Debat Eli» ҚҚ халықаралық деңгейде позициясын нығайту мақсатында Кембридж, Будапешт, Глазго, Оксфорд және Белград қалаларына пікірсайыс чемпионаттары мен конференцияларға халықаралық сапар ұйымдастырады.

Бөлісу
    contacts-Жанайдарова Жанерке
    Жанайдарова Жанерке

    «Debat Eli» ҚҚ

    Әлеуметтік навигатор