«Ulttyq Qazyna» мәдени-ақпараттық жобасы

«Ulttyq Qazyna» мәдени-ақпараттық жобасы ұлттық құндылықтарды сақтау және келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында әзірленген. Бұл ұлттың бірегейлігін, сабақтастығы мен бірлігін қалыптастырудың маңызды элементі саналады. Мәдени мұраны білу және түсіну тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастырып, оның өзін-өзі тануы мен шығармашылық дамуына әсер етеді. Осы білімді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу жеке тұлғаның интеграциясы мен өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал етеді.
«Ulttyq Qazyna» жобасы қатысушыларды білім беру және интерактивті форматтар арқылы қазақ халқының бай тарихы, мәдениеті мен дәстүрлерімен таныстыруға арналған. Жобаның негізгі мақсаты - заманауи білім беру құралдары арқылы қазақ халқының тарихы мен мәдени мұрасы туралы білімді арттыру.
Жоба аясында әртүрлі жастағы топтарға арналған дәрістер, шеберлік сабақтары, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, «Murajaily» ақпараттық-музейтану бағыты бойынша Музейдің YouTube арнасында бейнеподкасттар жарық көреді.
«Ulttyq Qazyna» мәдени-ақпараттық жобасы