«EL ÚMITI» онлайн-платформасы үшін үздік идея таңдау конкурсы басталды

20 маусым 2020 ж. 88946 1
Байқаудың басталу күні: 20.06.2020
Байқаудың аяқталу күні: 20.06.2020

Бүгінгі күні www.fpp.kz - EL ÚMITI – өркендеу онлайн платформасына 12 000 астам пайдаланушы тіркелді, Күн сайын бүкіл Қазақстаннан мыңдаған адам Тұңғыш Президент-Елбасы Қорының жобаларына қатысып, өз өмірін жақсартады, қоғамға пайдасын тигізуде. Күн сайын олардың қызметі мен табыстары туралы жаңалықтар бөлімінде материалдар жарияланады. Бұдан басқа, біздің барлық пайдаланушыларымыз әлеуметтік желі форматында іске асырылған «Пікірталас алаңы» бөліміне кіре алады. Мұнда пайдаланушылар кәсіби пікірталастарға қатысып, жетекші сарапшылар мен кәсіпқойлардан кеңес алады.

Дегенмен, портал командасы қол жеткен жетістіктермен тоқтап қалмай, сайтты жақсартуға ат салысуда. Портал пайдаланушыларға түсінікті, ақпаратты және қол жетімді болу үшін арнайы байқау ұйымдастырылды. Онда қатысушылар порталдың ағымдағы сервистерімен танысып, оларды бағалап, порталды жақсарту бойынша өз идеяларын ұсынулары керек, ал жеңімпазға – 100 мың теңге көлеміндегі жүлде тағайындалады!

Кім қатыса алады? 16 жастан асқан кез келген қазақстандық.

Не істеу керек? Әрбір қатысушы конкурс ережелерімен танысып, Ережеге қоса берілген бағыттық парақшаның көмегімен портал сервистерін бағалауы тиіс. Тестілеу нәтижелерін алғаннан кейін қажетті сауалнама нысанын толтыру керек. Сауалнаманы өз бетінше өту керек, оған - 50 минут уақыт кетеді.

Айта кету керек, маңызды шарт өтінім беру келесі формада жүргізіледі:

  • Сауалнама нысанын толтыру толықтығы;
  • Идеяны мәтін түрінде сипаттау – міндетті;
  • Ұсынылатын мысалға сілтеме – болған жағдайда;
  • Порталды жетілдіруге арналған идеялар көрсетілген pptx (power point) форматындағы презентация – болған жағдайда.

Ең жақсы ұсыныс - идеялардың авторын Байқау комиссиясы анықтайды. Байқау нәтижелері www.fpp.kz ресми сайтында жарияланады.

Жеңімпазды марапаттау конкурстық комиссияның отырысынан кейін 20 жұмыс күні ішінде өтеді. Жеңімпаз деп тек бір қатысушы танылады, ол 100 000 теңге көлемінде байқаудың жүлде қорын алады.

Байқау жеңімпазы ұйымдастырушыларға жеке басын растайтын құжаттарды, жеңімпаз атына ашылған банк шотының нөмірін ұсынуға міндетті. Жеңімпазда жеке банктік шот болмаған жағдайда, заңды өкілмен/қамқоршымен туыстық екенін растайтын құжаттарды, сондай-ақ заңды өкілдің/қамқоршының атына тіркелген банк шотының нөмірін ұсына алады.  Байқау комиссиясының отырысынан кейін 10 жұмыс күні ішінде міндетті құжаттар ұсынылмаған жағдайда, қазылар алқасы екінші орын алған қатысушыны жеңімпаз деп тануға құқылы.

Байқауды өткізу мерзімі: 2020 жылғы 5 маусымнан 23 маусымға дейін (қоса алғанда).

Қатысу

Түсініктеме қалдыру