«Кім білгіш?» онлайн-турниріне қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

10 шілде 2020 ж. 42275 0
Дата начала конкурса: 10.07.2020
Дата окончания конкурса: 31.10.2020

Құрметті оқырмандар!

«Кім білгіш?» онлайн-турниріне қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны жайлы қуана хабарлаймыз.
Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырған интеллектуалды біріншілік 9, 10 және 11 сынып оқушыларына арналған.

Турнир қатысушылардың шығармашылық ойлау, коммуникациялық және зерттеу қабілеттерін дамытуға бағытталған.
2016 жылдан бері жыл сайын турнирге еліміздің бүкіл өңірінен, сонымен қатар шетелден де жүздеген бала қатысады.
«Кім білгіш?» - мобильді қосымшадағы бұл ойын мына тақырыптар бойынша сұрақтарды қамтиды: 
• спорт;
• XX ғасыр, XXI ғасыр;
• әлемде;
• Қазақстан өнері;
• Қазақстан тарихы; 
• Қазақстан табиғаты;
• денсаулық, ғылым.

Жеңімпаз алты раундтың нәтижесі мен дұрыс жауаптардың саны бойынша анықталады. 
Турнир қатысушының қалауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде өтеді.
Турнирге қатысушы үшін www.qazaq-found.kz сайтының арнайы парақшасына өтінім қалдыру керек. Өтінімдер 2020 жылдың 10 тамызына дейін қабылданады.
I және II раундтар қашықтан, онлайн түрде 2020 жылдың 10 тамызынан 31 қазанына дейін өткізіледі.

Шешуші  сайыс Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.
Финалдық турда үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталады.

Турнирге қатысу ережелерін Нұрсұлтан Назарбаев қорының - www.fnn.kz, Мемлекеттік тілді дамыту қорының - www.qazaq-found.kz, сондай-ақ kto-umnee.qazaq-found.kz сайттарынан білуге болады.
Анықтама телефоны: 8 (7172) 27-26-09

Түсініктеме қалдыру