"Алтын тобылғы" байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

10 шілде 2020 ж. 73476 2
Байқаудың басталу күні: 10.07.2020
Байқаудың аяқталу күні: 01.11.2020

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры  ұйымдастырған «Алтын тобылғы» байқауы алтыншы рет бүкіл елден ең үздік жас ақындар мен жазушыларды анықтауды жалғастыруда.

Байқаудың басты мақсаты - қазіргі заманғы қазақстандық көркем әдебиетті қолдау, дамыту және насихаттау. 

Жүлде конкурс негізінде төмендегі номинациялар  бойынша тағайындалады:

  • «Жылдың үздік прозасы»
  • «Жылдың үздік поэзиясы»
  • «Жылдың үздік драматургиясы»
  • «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»
  • «Абайдың 175 жылдығына арналған үздік әдеби туынды»

Әр номинацияның жеңімпазына "Алтын Тобылғы" әдеби сыйлығының лауреаты атағы беріледі және 2 миллион теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық беріледі. Ал арнайы номинацияның жеңімпазына 3 миллион теңге көлемінде сертификат табыс етіледі. 

Байқауға қатысуға 18-35 жас аралығындағы жас әдебиетшілердің қазақ және/немесе орыс тіліндегі шығармалары қабылданады. Автор екі номинацияға қатысуға құқылы. Конкурстық іріктеуге бір автордан - бұрын еш жерде жарияланбаған екі шығармаға дейін қабылданады.

Қатысуға өтінімді пошта арқылы мына мекенжайға жіберу қажет: Нұр-Сұлтан қ., Ә. Бөкейхан к-сі,1, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, сондай-ақ өтінімді at2020@fpp.kz электрондық поштасына жіберу қажет. 

Өтінімдерді жіберу мерзімі - 2020 жылдың 1 қарашасына дейін.

Байқауға қатысу туралы ережесін жүктеп алыңыз: 

Сәттілік тілейміз!

Түсініктеме қалдыру