news-img

Бүгін Ақмола облысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры ұйымдастырған  III «Burabay Forum: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы» аяқталды. 

Форум Қазақстан, Армения, Белоруссия, Венгрия, Қытай, Қырғызстан, Литва, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Украина елдерінен келген 120-дан астам жас ғалымдарды қамтыды.

          Бұл ірі диалогтық алаңның төрт қарқынды жұмыс күні бойы жанды пікірталастар өтті. Білім беруді, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік кешен және т.с.с. дамытумен байланысты қызықты жаңашыл идеялар мен ұсыныстар айтылды. 

Диалогтық алаңның бағдарламасы мазмұнды әрі әр түрлі болды. Форум сессиясының жұмысы барысында жас ғалымдар өздерінің тәжірибелерімен, өмірдің әр түрлі салаларын жаңарту бойынша өзекті тапсырмаларды шешу перспективалары бойынша көзқарастарымен бөлісті. Инновациялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері, басқару жүйесіндегі жас ғалымдар, жаңа материалдар және ғылымды қажет ететін технологиялар, маркетинг пен логистикадағы digital-технологиялар, АӨК, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыздандырудағы  инновациялар және т.б. секілді бағыттар талқыланды. 

          Болон процесінің перспективаларын талқылауға, өнер мен ғылымның өзара іс-қимылының қазіргі заманғы тәжірибелерін талдауға, Қазақстанның жекелеген аймақтарын археологиялық зерттеуді дамытуға және т. б. ерекше назар аударылды.

Сессияға қатысушылардың бірі - Елбасы Қоры жанындағы ғылым бойынша кеңестің мүшесі, PhD кандидат, тарихшы, М.Әуезов атындағы сыйлықтың лауреаты Алмас Жүнісбаев, Форумның маңыздылығы туралы айты отырып, былай дейді: «Жас ғалымдардың III Форумы үш жыл ішінде Қазақстанның ғылыми өміріндегі маңызды ғылыми шара және танымал брендқа айнала білді.  Ғылыми жастар, Форумның алаңын қолдана отырып, ғылыми қауымдастықтың алдына күрделі ғылыми міндеттерді қойып қана қоймай, оларды шешудің оңтайлы әрі тиімді жолдарын да ұсынады. Өзінің жоғары ғылыми потенциалын және белсенді азаматтық ұстанымын растай отырып, Форум қатысушылары мен қонақтары ғылымды дамытуға елеулі үлес қосады».

Форумның жұмыс сессиялары қызықты пікірлер мен ұсыныстарға толы болды. Осылайша, «Маркетинг пен логистикадағы Digital-технологиялар» сессиясының барысында, Елбасы Қоры жанындағы Ғылым бойынша кеңестің мүшесі, э.ғ.к.,  PhD Дина РАЗАҚОВА былай деді: «Қазақстандағы индустрияландыру аса инновациялы болуы тиіс. Еліміз цифрлық өнімдер мен технологиялардың элементтерін, әсіресе маркетинг пен логистика саласына кеңінен енгізуді қажет етеді. Ғылыми зерттеулер жүргізу, озық тәжірибелерді зерттеу және халықаралық сарапшылармен бірігіп жұмыс істеу  Қазақстанның цифрлық дамуының аса жемісті тұжырымдамаларын анықтауға мүмкіндік береді».

«Еуразияның әлеуметтік-саяси және тарихи-мәдени кеңістігіндегі Қазақстан» сессиясының қатысушысы, Ермек ТОҚТАРОВТЫҢ пікірінше, «және тарихи-мәдени кеңістігіндегі өз орны мен рөлін айқындау маңызды. Бұл Қазақстандағы тарих, мәдениет, саясат, өнер және білім берудің қазіргі жай-күйін ғылыми зерттеуді талап етеді. Қоғамдық сананы жаңғырту шеңберінде қазақ мәдениетін реактуалдандыру Қазақстанның Еуразиялық бірегейлікті құрастырудағы рөлін, адам капиталы мен қазақстандық мемлекеттіліктің болашағын дамытудың ерекше үлгісін қалыптастырудағы рөлін айқындайды».

Бизнес – ғылымды дамыту ішіндегі жетістікке жеткізетін маңызды құраушылардың бірі, деп санайды Халықаралық жасыл технологиялар орталығы директорының орынбасары, қ.-х.ғ.к., PhD докторы Серік НҰРКЕНОВ. Ол «функционалдық материалдар мен ғылымды қажетсінетін технологияларды дамыту үшін Қазақстанға ғылымды қолдаудың ашық және бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыру және бизнес әлеуетін тарту қажет. Бұл тиісті инфрақұрылымды, бизнес-инкубаторларды, технологиялар трансфертін және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру орталықтарын дамыту жолымен мүмкін болады. Ең үздік технологияларды коммерцияландырудың және енгізудің тиімді жолдары кейіннен елдің экономикалық прогресі мен технологиялық дамуын қамтамасыз етеді», деп атап өтті.

Форум жұмысының қорытындылары бойынша резолюция қабылданды. Бұл құжатта жас ғалымдар ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға кедергі келтіретін және халықаралық ғылыми серіктестікті нығайтуға ықпал ететін ғылыми проблемаларды жою бойынша нақты шараларды көрсетті.

 

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру