news-img

Құрметті ата-аналар мен мектеп оқушылары!

2020 жылдың 24 ақпанынан бастап еліміздің ауыл мектебі оқушыларының арасында «Myń bala» Ұлттық олимпиадасы өтетінін хабарлаймыз!Олимпиаданың бас ұйымдастырушысы – «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры. Олимпиада талантты, әрі қабілетті жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған Елбасының «Ел Yмiтi» бастамасы аясында өткізіледі. Білім додасы ауыл мектебінің 5-6 сыныбында оқитын 300 мыңнан астам оқушыны қамтитын болады.

Олимпиада 2 кезеңнен тұрады: сырттай және тікелей.

I кезең – сырттай (24 ақпан - 10 наурыз, 2020 ж.)

!Назар аударыңыз! Бұл кезеңде қатысушыларға келудің қажеті жоқ. Алғашқы кезеңде қатысушылар биылғы оқу жылының І және ІІ тоқсандарындағы математика, жаратылыстану, информатика, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндері үлгерімінің нәтижесі бойынша іріктеледі. І кезеңнің қорытындысы бойынша ұпайлары ең жоғары болған 5000 оқушы ІІ кезеңге жолдама алады. ІІ кезеңге өткен оқушылар тізімі www.fpp.kz интернет-ресурсында 2020 жылы 10 наурызда жарияланады.

II кезең – тікелей (6-7 тамыз, 2020 ж.)

Екінші кезеңде компьютерлік тестілеу нәтижесі бойынша 1000 оқушы іріктеледі. Тестілеу еліміздегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ғимараттарында ұйымдастырылады. Тестілеу қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Сынақ оқушылардың когнитивті дағдыларын анықтауға бағытталатын болады. Яғни үміткерлердің логикалық және кеңістіктікте ойлау қабілеттерін анықтай алатын тапсырмалар беріледі. Тестілеу уақытында бейне-трансляция жүргізіледі.

!Назар аударыңыз! ІІ кезеңге өткен оқушылардың ата-аналарына арнайы SMS-хабарлама келеді. Онда олимпиаданың ІІ кезеңі өтетін орын мен күні хабарланады.

Олимпиада қорытындысы бойынша 1000 жеңімпаз атанған оқушылар тізімі тестілеуден 14 күн өткен соң www.fpp.kz интернет-ресурсында жарияланады.

«Myń bala» олимпиадасы балаларға қандай мүмкіндік береді?

Біріншіден, ең жоғары нәтиже көрсеткен 1000 жеңімпаз дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде білім алуға жолдама алады. Мысалы, еліміздегі Дарын, «Білім-инновация» лицейлері, Республикалық физика-математика мектептерінің бірінде білімін жалғастыратын болады (ҚР Білім және ғылым министрлігінің бөлінген квоталарына сәйкес).

Екіншіден, олимпиаданың үздік 1000 оқушысы үшін арнайы оқыту курстары мен сүйемелдеу қарастырылады.

Үшіншіден, Ұлттық олимпиадаға қатысқан әрбір оқушыға келешекте біліктілігін, дағдыларын дамыту үшін мүмкіндік беретін El Úmiti онлайн даму платформасы қолжетімді болады.

Қосымша ақпаратты 7170 байланыс нөміріне хабарласып немесе zh.assanova@elumiti.kz электронды поштасына жазып алуыңызға болады.

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
Саламатсыз ба, тапсырмалар профильді тіркеу арқылы жүзеге асады ма

comments-author-avatar
қалай тіркеле аламыз?

comments-author-avatar
Саламатсыздар ма. Оқушының аталған пəндер бойынша жетістіктерін, оқу үлгерімі қалай жіберіледі екен. Əлде мектеп дирекциясы жолдайды ма

comments-author-avatar
Саламатсыздар ма!Тіркелдім,бірақ бірінші,екінші тоқсан бойынша аталған пəндердің жетістіктерін,оқу үлгерімін қалай жібереміз?Оған кім жауапты?Түсініксіз болып тұр.

comments-author-avatar
Әр мектеп барлық оқушылардың үлгерімін жіберді ғой

comments-author-avatar
Салематсызба 2-кезең тапсырмаларын қайдан қарауға болады екен?

comments-author-avatar
Сәлеметсіз бе,2- кезең сұрақтары алдын ала беріле ме,алде сол күні біле ала ма?

comments-author-avatar
Қазақ тілі жоқ па не?