Жас қазақстандық «Би олимпін» бағындырды

12 наурыз 2020 ж. 52567 2

АЛМАТЫ. ТПҚ БАСПАСӨЗ-ҚЫЗМЕТІ. 12.03.20 — Берлинде балалар мен жасөспірімдердің XVII халықаралық хореграфия фестивалінің аясында осындай атаумен байқау өтті. Оған 46 елден келген 1000 аса жас бишілер қатысты. Олардың арасында А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің дарынды студенті Ратмир Жұмалиевте бағын сынады.   

Фестиваль бағдарламасында би байқауынан бөлек кәсіби педагогтардан тәлім алу сабақтары, әлемдік сахна жұлдыздарымен өнер көрсету, би ұжымдары жетекшілерінің өз-ара тәжірибе алмасуы сынды іс-шаралар жоспарланған.

Фестивальдің негізгі мақсаты хореография өнерін насихаттау және қолдау, жастар арасында көркемдік және эстетикалық талғамды тәрбиелеу, халықаралық деңгейде би өнеріндегі шығармашылық жетістіктермен бөлісу.  

«Би олимпі» байқауының қорытындысымен А.Селезнев атындағы АХУ «Балет әртісі» мамандығы бойынша білім алып жүрген 5-курс студенті Ратмир Жұмалиев екінші орын алды. Оның Дриго музыкасына жазылған «Арлекинада» мен С.Прокофьевтің «Гавот» шығармасына жазылған би қойылымы және оның оқу орны қабырғасында алған білімі мен бойындағы ерекше дарыны  жерлесімізге күміс медаль әкелді.

Ратмирдің бойындағы тағы бір ерекшелік – жеңіске деген құштарлық. Германияда өз өнерін ортаға салу үшін ол Тұңғыш Президент қорының трэвел-грантын жеңіп алған болатын.    

Ратмир Жұмалиевпен бірге байқауда сондай-ақ А.Селезнев атындағы АХУ 3-курс студенттері, Елбасы қорының степендианттары  Богдан Вербов пен Ақбота Бекболатова  және 9-сынып оқушылары Алина Зырянова мен Полина Ким қатысты.

«Би олимпі» жобасына қатысу хореография өнерінде бағын сынап жүрген жастар үшін кәсіби машықтарын нығайтуға, халықаралық стипендиялар мен тәлім алу жобаларына қатысуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өту қажет.  

Біз сондай-ақ Қордың 2020 жылдың 30 қарашасына дейін жалғасатын кезекті  трэвел-грант байқауын жариялағанын еске саламыз. Барлық ақпаратты https://fpp.kz/site/news/view?id=234 сілтемесі арқылы өтіп алуға болады.

 

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры
Баспасөз-қызметі

PR-менеджер Жұмашев Артур
+7 708 960 56 13
 
a.zhumashev@fpp.kz
www.fpp.kz

Түсініктеме қалдыру

Отлично
согласен