АҢДАТПА. «Мен - жаңа әлем жасампазымын»  креативті дағдылардың инклюзивті фестивалі

27 мамыр 2020 ж. 18294 0

2020 жылдың 1 маусымында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры iTeacher academy-мен бірлесіп балалар мен жасөспірімдер арасында креативтілікті дамытуға бағытталған «Мен - жаңа әлем жасампазымын»  онлайн-фестивалін өткізеді. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара бағдарламасы балалар үйлерінің, түзету мекемелерінің және мамандандырылған мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілеріне арналған.

«Мен - жаңа әлем жасампазымын»  - ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының «Аман келешек» Республикалық инклюзивті бағдарламасы аясында жүзеге асырып жатқан жаңа жобасы. Бұл бастама Қазақстанда жарияланған ТЖ кезінде өзін-өзі оқшаулау режиміне көшкен балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қолдау мақсатында іске қосылды. Қысқа мерзім ішінде жоба креативті дағдылар мен шығармашылық ойлауды дамыту бойынша әртүрлі кешенінді іс-шаралар өткізу арқасында жас қазақстандықтар арасында үлкен танымалдыққа ие болды. Ол soft skills бойынша воркшоптарды, құқықтық тақырыптағы интерактивті дәрістерді, тиімді коммуникациялар бойынша мастер-класстарды, IT бойынша сабақтарды және т. б. тақырыптарды қамтиды.

Халықаралық балаларды қорғау күнінде ұйымдастырылған «Мен - жаңа әлем жасампазымын»  креативті дағдылар фестивалі ел аумағын қамтыған ауқымды  жобаның жалғасы іспеттес. Фестиваль бағдарламасы үш шеберлік сабақтан тұрады, олар: «Stop motion: смартфондағы анимация», «Ежелгі әлемге саяхат» және «Мобильді қосымшаның прототипін әзірлеу». Жаттықтырушылар өскелең ұрпақтың креативтілік, digital soft skills, шығармашылық ойлау, командада жұмыс істеу және ми дағдыларын қалыптастыру сияқты салаларда мол тәжірибесі бар педагогтар.

Фестиваль барысында білім берумен қатар ойын-сауық бағдарламасы қарастырылған. Кәсіби аниматорлар онлайн форматта қызықты ойындар, флешмоб, викториналар және т. б. өткізеді.

Фестиваль соңында өткізілген шеберлік сыныбы қорытындысы бойынша ұйымдастырушылармен естелік сыйлықтар үлестірілетін байқау өтеді.

Фестивальдің толық бағдарламасы:  Бағдарлама

Еліміздің әлеуметтік мекемелерінің барлық тәрбиеленушілерін және олардың тәрбиешілері мен педагогтарын «Мен - жаңа әлем жасампазымын» атты бірінші республикалық онлайн-фестиваліне шақырамыз.

Қатысу тегін. Сілтеме бойынша тіркелу қажет: https://forms ескерту.gle/egSuoVEhTfYzwDas5.

Анықтама үшін байланыс:

E-mail: innovaproekt@fpp.kz, +7 700 418 1599 – Ершіманова Гүлнар Орынбасарқызы.

Фестивальға қатысу үшін: құрылғыға енгізілген Zoom бағдарламасы, құлақаспап, микрофон  және Интернетке қосылған компьютер/смартфон/планшет қажет.
Сондай-ақ әрбір шеберлік сабақтарына қажет материалдардың тізімімен танысуларыңызды сұраймыз.

Түсініктеме қалдыру