Студенттік шәкіртақыны алуға арналаған байқау - 2020

21 маусым 2020 ж. 3849 0

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры алдағы оқу жылына арналған республикалық студенттік шәкіртақы байқауын  жариялады.

Байқауға қатысуға жоғары оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінің, сондай-ақ өнер және мәдениет бағыты бойынша Қазақстан Республикасының арнайы орта білім беру ұйымдарының студенттері шақырылады.

Қор шәкіртақысы – өзінің оқуда, спортта және еліміздің қоғамдық өміріндегі жетістіктерін дәлелдеуге берілген тамаша мүмкіндік. «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты» атағына  төмендегі студенттер үміткер бола алады:

  • кемінде екі оқу курсын сәтті аяқтаған,
  • академиялық үлгерімнің ең жоғары көрсеткіштері бар,
  • оқу орнының, қаланың және республиканың қоғамдық, ғылыми-зерттеу және практикалық қызметіне белсенді қатысатын.

Байқау екі кезеңде өтеді.
Бірінші кезеңде ЖОО стипендия алуға ұсыну үшін үздік студенттерді іріктейді.Екінші республикалық турға қатысу құжаттары 2020 жылдың 5 қыркүйегіне дейін қабылданады.  Қор екінші кезеңді барлық номинанттар арасында өткізеді, жоба жеңімпаздарын байқау комиссиясы анықтайды.

Екінші турға қатысу үшін шәкіртақы тағайындау ережелерімен танысып, өтінімді толтырып, Қордың байқау комиссиясына жіберу қажет:

Рәсімделген өтінімдер мен құжаттардың толық пакеті мына мекенжай бойынша жіберіледі:
A25T0H5, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Иванилов к-сі, 12а – Нұрсұлтан   Назарбаевтың Қоры.

Анықтама үшін байланыстар:
Едігеева Роза Мақашқызы   roza@fpp.kz
Исмаилов Тимур Мұратұлы  stm@fpp.kz -өнер және мәдениет

Түсініктеме қалдыру