Игорь Рогов: Қазақстанның Венеция комиссиясына қатысуы ұлттық заңнаманы дамыту саласындағы озық құқықтық технологияларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді

26 маусым 2020 ж. 2956 0

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 26.06.20 – «Құқық арқылы демократия үшін» Еуропа Комиссиясының және конституциялық әділет органдарының өзара жетістіктері және конституциялық өндірістегі түсіндіру мәселелері» атты халықаралық онлайн-конференция барысында сарапшылар мен ғалымдар демократияның, конституционализмнің және құқық үстемдігінің өзекті мәселелерін талқылады. 2020 жылғы 25 маусымда өткен пікірталасты Украинаның Конституциялық Соты мен «Құқық арқылы демократия үшін» Еуропалық комиссиясы (Венеция комиссиясы) ұйымдастырды.

Конференция жұмысына Украинаның, Қазақстан Республикасының, Германияның, Молдова Республикасының, Литва Республикасының, Қырғыз Республикасының мемлекеттік қайраткерлері мен жетекші ғалымдары, шетелдік сарапшылар мен заңгерлері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен қорлардың өкілдері Еуропа Кеңесі, ЕҚЫҰ, Неміс халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры (IRZ) және т. б. қатысты.

Венеция комиссиясының мүшелері және жетекші сарапшы-конституционалистер конституциялық ережелерді түсіндіру, жанжалдарын шешу құралы ретінде конституциялық бақылауды және адам құқықтарын қорғау құралы ретінде Конституциялық шағымды қолдану туралы көзқарастарымен бөлісті.

Украинаның Конституциялық Сотының Төрағасы Александр Тупицкий Венеция комиссиясының президенті Джанни Букиккионы «Құқық арқылы демократия үшін» Еуропа комиссиясының құрылғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтап, комиссияның конституциялық әділет пен демократия қағидаттарын бекітудегі, құқық үстемдігі мен барлық еуропалық кеңістікте адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы елеулі үлесі үшін алғысын білдірді. Құттықтауларға Украина Жоғарғы Радасының Төрағасы Дмитрий Разумков та қосылды.

Конференцияда сөз алған «Құқық арқылы демократия үшін» Еуропа комиссиясының президенті Джанни Букиккио бірлескен іс-шараны өткізу мүмкіндігі үшін Украинаның Конституциялық сотының төрағасына алғысын айтып, бұл маңызды тақырыптар мен оларды шешу үшін күш-жігерді біріктіруді талап ететін өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, ресми «Құқық арқылы демократия үшін» Еуропа комиссиясы деп аталатын Венеция комиссиясы Еуропа Кеңесі жанынан 1990 жылы құрылған конституциялық құқық жөніндегі консультативтік орган. 2002 жылдан бастап комиссия жұмысына Еуропа кеңесіне кірмейтін елдер де қатыса алады. Сессиялар Венецияда өтетіндіктен комиссияның ресми емес атауы да осылай қалыптасты.

 Венеция комиссиясының құрамында 61 ел, оның ішінде Еуропа Кеңесіне мүше барлық мемлекеттер бар. Қауымдастырылған мүше ретінде оның жұмысына Беларусь қатысады. Венециандық комиссия жанындағы бақылаушы мәртебесіне Аргентина, Канада, Қасиетті Тақ, Уругвай және Жапония ие. Еуропалық Одақ, Палестина ұлттық автономиясы және Оңтүстік Африка ынтымақтастық жөніндегі серіктес мәртебесіне ие.

Қазақстан Венециа комиссиясының   бақылаушы мәртебесіне 1998 жылдан бастап ие болды, ал он төрт жылдан кейін оның тең құқылы мүшесі болды. 2012 жылдың 13 наурызында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев «Қазақстан Республикасының Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияға мүшелігі туралы» жарлыққа қол қойды. Елбасының бұл актісі Еуропа Кеңесі Министрлер комитетінің Қазақстанның тиісті өтінімін қанағаттандыру туралы шешімінен кейін болды, бұл халықаралық қоғамдастықтың құқық үстемдігін нығайту саласындағы Қазақстанның жетістіктерін мойындауының дәлелі болып табылады. Венеция комиссиясында Қазақстан Республикасының атынан мүше ретінде Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов қатысады.

Комиссия, бірінші кезекте, конституциялық құқық саласында, атап айтқанда, Конституциялар мен конституциялық реформалар жобаларын дайындау мәселелерінде «шұғыл көмек» көрсетеді және осы мақсатта конституциялық сипаттағы құжаттарды талдайды.

- Қазақстанның Венеция комиссиясының жұмысына толық құқылы мүше ретінде қатысуы ұлттық заңнаманы дамыту саласындағы озық шетелдік құқықтық технологияларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді, қаралып отырған саладағы басқа қатысушы мемлекеттердің ағымдағы проблемалық мәселелері туралы республиканың хабардар болуының қосымша арнасын құрады. Сондай-ақ бұл Венеция  комиссиясының құқықтық актілер мен заң жобаларына қатысты пікірін сұратуға мүмкіндік береді, және ықтимал қателерді болдырмайды. Сонымен қатар, Венеция комиссиясындағы Қазақстан мүшесінің мәртебесі еуропалық институттармен, оның ішінде елдегі құқықтық және демократиялық реформаларды одан әрі жүзеге асыру, халықаралық заң қоғамдастығын біздің Конституциямыздың басымдықтарымен таныстыру үшін байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Игорь Рогов.

Ол, сондай-ақ Қазақстанның құқықтық жүйесін дамыту үшін 2017 жылы қабылданған Республика Конституциясына түзетулер жобасы бойынша Венеция комиссиясының қорытындысы үлкен маңызға ие болғанын атап өтті. Комиссияның пікірінше, жүргізілген реформа мемлекеттік тетікті демократияландыру жағына қарай айтарлықтай жаңғыртуға мүмкіндік берді. Реформаның экономикалық маңызды нәтижелерінің бірі, сондай-ақ, Н. Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен оның құқықтық институттарының табысты жұмыс істеуі болып табылады. Қазақстанның жаңа басшылығының құқықтық саясатындағы сабақтастықты атап өтпеуге болмайды. Президент Қ.Тоқаев халықаралық институттардың, оның ішінде Венециялық комиссияның қызметіне үлкен көңіл бөледі.

Сараптамалық талқылаудың басты назарына мына мәселелер ілікті: жанжалдарын шешу құралы ретінде конституциялық бақылау жүргізу, конституциялық ұсыным, конституциялық өтініштер, конституциялық шағым бойынша конституциялық іс жүргізудегі түсіндіру объектілері және т. б.

Кездесу құқық үстемдігі мен конституциялық юриспруденцияның негізгі тұжырымдамаларын талдаумен аяқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының
Алматыдағы өкілдігі
PR-менеджер Артур Жұмашев
+7 708 960 56 13
pr.zhumashev@gmail.com

Түсініктеме қалдыру