Мектептер оқушылардың денсаулығын нығайтуға ықпал етуі керек

18 тамыз 2020 ж. 46069 0
news-image-main

"ҚР денсаулық саласындағы мектептік оқыту: өзекті мәселелер және шешу жолдары" атты пікірталас онлайн форматта өтті. Кездесу аясында Қазақстандағы мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау саясаты мен ДДСҰ ұсынымдары, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы балалар денсаулығы мен мектеп ортасын дамытуға қосқан үлесі, сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі талқыланды. Талқылаудың негізгі мәні балалардың денсаулығын нығайтуға ықпал ететін орта құру мәселелері болды.

Пікірталасқа ҚР Білім және ғылым министрлігі, ДДСҰ, ЮНИСЕФ, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ өкілдері, сондай-ақ Елбасы Академиясының өзгерістерді басқару бойынша салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасына қатысушылар ат салысты. Талқылау "халықтың қалың жігін тарта отырып, алдын алу бағдарламаларын әзірлеу" деген атпен денсаулық сақтаудың салалық міндетін шешу шеңберінде өтті.

Талқылауды бастаған, пікірталас модераторы, Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман салауатты мінез-құлықтың, тамақтанудың және гигиена ережелерін сақтаудың, әсіресе COVID-19 пандемиясы жағдайында дербес тұрақты дағдыларды қалыптастыру негізінде балалардың физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқатына қол жеткізу туралы атап өтті.

Өз кезегінде ҚР БҒМ вице-министрі Шолпан Каринова ҚР-дағы мектеп оқушыларының денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған білім беру саясатымен, министрлік соңғы жылдары қабылдаған жүйелі шаралармен, атап айтқанда, мектепте де, үй жағдайында да, оқу процесі кезінде мектеп оқушыларының жүктемесін азайтуды таныстырып өтті. Сонымен қатар, вице-министр "сапалы білім беру мен оқушылардың денсаулығы арасындағы тепе-теңдікті табу" басты міндет болып қалатынын атап өтті.

ДДҰ-ның мектептегі денсаулық сақтау саласындағы жаһандық бастамасы және оның негізгі бағыттары туралы, ДДҰ-ның Балалар мен жасөспірімдер денсаулығы саласының, инфекциялық емес аурулардың қауіп факторлары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы кеңсесінің кеңесшісі Лаура Өтемісова айтып берді. Ол бағдарламаның негізгі мақсаты-оқушылардың, олардың ата-аналары мен мектеп қызметкерлерінің денсаулығын нығайтуға ықпал ететін мектептер санын арттыру арқылы мектеп жасындағы балалардың денсаулығын жақсарту екенін айтты.

Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер тұжырымдамасы (ОЖСБ) бүкіл мектеп қоғамдастығының – оқушылардың, олардың отбасылары мен ата-аналарының, оқытушылар мен оқытушылар құрамының және мектеп айналасындағы барлық адмдардың денсаулығын нығайтуды көздейді. Оның кәдімгі мектептен айырмашылығы, ОЖСБ пәнге емес, жалпы мектептік тәсілге негізделеді және денсаулық пен оқытуды жақсартуға бағытталған. Сондықтан ОЖСБ тұжырымдамасы тек денсаулық сақтау функциясы ретінде қабылданбауы керек - дейді спикер.

Сонымен қатар, Л.Өтемісова - Қазақстан ДДҰ жүргізген зерттеулерге белсенді қатысатынын атап өтті.

ЮНИСЕФ бағдарламасының Денсаулық сақтау және тамақтану саласындағы үйлестірушісі Қанат Суханбердиев пікірталасқа қатысушыларды Қазақстандағы мектеп және мектеп ортасын және оқушылардың денсаулығын дамытуға бағытталған ЮНИСЕФ бағдарламасымен таныстырды. Сөз соңында, Қ.Суханбердиев Қазақстан Үкіметі мен ЮНИСЕФ ынтымақтастығының 2015-2020 жылдарға арналған 5 жылдық бағдарламасы бойынша статистиканы ұсынды. Ол жерде мысалға, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы заңнамалық базаның жетілдірілуіне қарамастан, балаларға қатысты зорлық-зомбылық әлі де кең таралған делінген . Бірінші орында 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жүктілікті үзу және аутодеструктивті мінез-құлық бойынша бұрынғысынша Қазақстан 100 мың адамға суицидтің 6,9 талпыныс көрсеткішімен өңір бойынша орташа алғанда жоғары орын алатынын баяндады.

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ЖШС оқушылар әл-ауқаты департаментінің директоры Динара Уалкенова осы Зияткерлік мектептерде жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып берді. Мысалы, ЮНИСЕФ-пен оқушылар арасында байқаусызда жарақаттанудың алдын алу жөніндегі бірлескен жоба, сондай-ақ балалар мен ата-аналар арасындағы қатынасты нығайтуға және мектеп оқушылары арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған "Мықты отбасы" сияқты бағдарламалар кешені туралы баяндады.

Кездесуді денсаулық сақтау саласының салалық міндеттері бойынша команда көшбасшысы, "Орталық клиникалық аурухана" АҚ-ның инновация және білім беру орталығының басшысы Альфия Шамсутдинова қорытындылады. Ол пікірталасқа қатысушыларға алғысын білдіре отырып, бүгінгі таңда салалық менеджерлер шешетін міндеттің - білім және ғылым министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігінің ғана емес, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ халықтың қалың жігінің қатысуын талап ететін көп қырлы, кешенді міндет екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаев Қорының бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға және институционалдық реформаны жүргізуге қажетті командалар мен өзгерістерді басқару бойынша салалық менеджерлерді даярлау Бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Екі жүз салалық сарапшылар экономиканың 11 саласының өзекті мәселелерінің шешімін іздестіруде. Бүгінде командалар қажетті білім алып, экономиканы дамытуға бағытталған ұсыныстарын әзірлеп жатыр. Әзірше олар жетістіктерімен осындай ашық кездесу барысында бөлісіп, түрлі қоғамдастықтардың талқылауына шығарады. 2020 жылдың желтоқсан айында әр команда кешенді шараларын ҚР Үкіметінің назарына ұсынатын болады.

Түсініктеме қалдыру