news-img

АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 26.08.20 - Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры әріптестерімен бірлесіп «Конституциялық құндылықтар ғаламдық мәселелерге төтеп беру жолында  қоғамды жұмылдырудың құқықтық негізі ретінде»  Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Іс-шараға бейнеконференц-байланыс арқылы қазақстандық және шетелдік сарапшылар мен ғалымдар қатысады. Тікелей эфир YouTube-те өтеді.

Онлайн-конференция ұйымдастырушылары: Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Сорбонна-Қазақстан институты, Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі, Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясы.

Конференция барысында құқықтанушы ғалымдар Қазақстан қоғамының дамуындағы ҚР Конституциясының рөліне арналған баяндамалар жасайды.

Іс-шара барысында  «Қазақстан жолы: конституционализм, адам, бейбітшілік және өркендеу» кітабының тұсаукесері өтеді. ҚР Конституциялық кеңесі шығарған еңбекте қазіргі заманғы қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы, елдегі демократия стандарттарын, құқық үстемдігі мен конституционализм қағидаттарын бекіту процестеріндегі Қазақстан Республикасы Конституциясының рөлі мен маңызы  шетелдік мамандардың бағалауы арқылы көрсетілетін мақалалар бар.

Кездесу модераторы - Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары, Еуропа Кеңесі Венеция комиссиясының Қазақстан Республикасы атынан мүшесі, АХҚО құқық академиясы академиялық кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов.

Конференцияға қатысушылар алдында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Мәми; Қазақстан Республикасы Әділет министрі Марат Бекетаев; «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов; Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұхан; Француз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ; Елші, ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Дьердь Сабо; Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ның жаһандық коммуникациялар департаментінің басшысы Властимил Самек; Қазақстан  Республикасындағы GIZ өкілдігінің басшысы Йорг Пуделька; Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы бас консулы Аброр Фатхуллаев; Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тақыр Балықбаев сөз сөйлейді.

Конференцияға сондай-ақ құқық қорғау және заң құрылымдарының басшылары, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, дипломатиялық өкілдер мен Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері, азаматтық қоғам мен ғылыми қоғамдастық өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен оқушы жастар шақырылды.

Конференция үйлестірушісі: Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан Институтының директоры, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, «Ізгілік акселераторы: Izgilik elshisi»  Ұлттық еріктілер қозғалысының жетекшісі, з.ғ. д., профессор Айнұр Сәбитова.

Конференцияны өту уақыты:  28 Тамыз 2020 ж., Сағ. 15:00

Конференция бағдарламасын мына сілтеме бойынша жүктеп алуға болады: http://www.constitution25.kz/

YouTube-трансляциясына сілтемелер:

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының
            Алматыдағы Өкілдігі

            PR-менеджер Артур Жұмашев
           e-mail:
pr.zhumashev@gmail.com
           +7 708 960 56 13

Түсініктеме қалдыру