Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы құтты болсын!

30 тамыз 2020 ж. 20975 0

30 тамыз – ел тарихындағы ерекше дата. Дәл осы күні, 1995 жылы жалпыхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Бұл тарихи оқиға шынымен де Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен нығаюында орасан зор рөл атқарды.

«Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз!» — деп басталады Қазақстан Республикасының басты заңы, ал оның философиясында тұлға және азамат ретіндегі адам, оның құқықтары мен бостандықтары жатыр. Міне, дәл осы жайт шынайы демократиялық, өркениетті және дамыған қоғам құруға жол ашты.

Құрметті достар! Нұрсұлтан Назарбаев Қоры баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтайды!

Амандық мен тұрақтылық тілейміз, қазіргідей қиын-қыстау сәтте барлық ауыртпалық сіздерді айналып өтсін, әр шаңырақта бақыт салтанат құрсын!

Сіздерге зор денсаулық, табыс және сәттілік серік болсын!

Түсініктеме қалдыру