Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәдениеті нығаймай, реформаларды табысты іске асыру мүмкін емес

2 қыркүйек 2020 ж. 24267 0

АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 2.09.20 -Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша жаңа идеялар мен тәсілдерді іздеу «Қазақстан Республикасында қоғамдық сананы жаңғырту аясында мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби құқықтық мәдениетін қалыптастыру және нығайту»  халықаралық конференциясының негізіне алынды. Конституцияның 25 жылдығына арналған іс-шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен ҚР Конституциялық Кеңесінің қолдауымен Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырды.  

Қордың Атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов өз сөзінде Қордың мерейтойлық іс-шаралар цикліне қатысуы, ең алдымен, негізгі заңның идеялық шабыттандырушысы және басты авторы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екендігімен байланысты екенін атап өтті. Демократиялық құндылықтар мен адам құқықтары арқылы қазақстандық мемлекеттілікті қалыптастырудағы Тұңғыш Президенттің үлесін түсіну қордың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

- Уақыт көрсеткендей, қоғамның құқықтық мәдениетін көтермей, әр азаматтың бойында Негізгі Заңға деген терең құрметті тәрбиелемей, оның күнделікті өмірде нормативтік ережелерді іске асыруға тікелей және белсенді қатысуға дайындығын қалыптастырмай экономикалық, саяси, әлеуметтік міндеттерді табысты шешу мүмкін емес, - деп атап өтті профессор өз сөзінде.

Сондай-ақ, конференцияда еліміздің бас Заңының 25 жылдығына арнап Конституциялық Кеңес шығарған кітаптардың тұсаукесері өтті.

- Біз қолданыстағы Конституция тұрақтандырушы рөл атқарды деп нақты айта аламыз. Ол Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың басты құқықтық негізіне айналды. Нәтижесінде заманауи және танымал мемлекет құрылды, - деді ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми.

Айта кетейік, ғылыми кездесу аясында қазақстандық және шетелдік сарапшылар мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру және нығайту, мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәдениеті, қоғамдық сананы жаңғырту және цифрландыру жағдайында олардың құқықтық қызметі мен кәсіби құқықтық санасының деңгейі мәселелерін талқылады.

- Мемлекеттік қызметкерлердің, заңгерлердің, парламентарийлердің кәсіби қызметінің бірқатар ерекшеліктері бар, сондықтан оларға іскерлік қасиеттері жағынан жоғары талаптар қойылады: тұрақты иммунитет пен төзімділікке ие болу, әлеуметтік нормаларды білу, сондай-ақ құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі мен күшті азаматтық ұстаным. Бұл қасиеттерсіз сәтті және өз ісін білетін маман бола алмайды", - деді РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясының профессоры Сергей Глушаченко.

Форум нәтижелері бойынша ғылыми баяндамалар мен оған қатысушылардың жарияланымдары топтастырылған жинақ шығарылады.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының
Алматыдағы өкілдігі

PR-менеджер Артур Жұмашев
e-mail: pr.zhumashev@gmail.com
+7 708 960 56 13

Түсініктеме қалдыру