news-img

Маусым айында басталған "Елбасы Медалі" бағдарламасы аясында Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10000-нан астам ұлдар мен қыздар үздік атану құқығы үшін сайысқа түсіп жатыр. Жоба үйлестірушісі Бибігүл Өтепқалиева жұмыстың қалай ілгерілеп жүріп жатқаны туралы айтып берді.

"Елбасы Медалі" бағдарламасы ақылды, саналы, дарынды жастарды қолдауға бағытталған. Жеңімпаздар ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қола, күміс және алтын медалін иеленеді. Жастар - Қазақстанның болашағы. Елбасы бұл туралы әр түрлі алаңдарда үнемі айтып отырады, жас ұрпақты алға сенімді қадам басуға, оқуға, еңбек етуге және дамуға ерекше назар аударуға шақырады. Бұл үндеу - біздің мемлекетіміздің жастарына жасалып жатқан үлкен мүмкіндіктермен нығайтылады. "Елбасы Медалі" бағдарламасының мақсаты - 14-29 жас аралығындағы жас қазақстандықтардың өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау. Қатысушылар жеті бағыт бойынша дамиды, олардың әрқайсысы білуге, жаңа нәрсені үйренуге, шешім табуға және ілгері  болуға  ұмтылады. Атап айтқанда, спортпен айналысып, өз таланттары мен дағдыларын дамытып, кітап оқып, волонтерлік қызметтерімен айналысып, сондай-ақ ұлттық мұра, туристік жорықтар мен еңбек тәжірибесі бағытын үйренеді

 "Елбасы Медалі" бағдарламасының үйлестірушісі Бибігүл Өтепқалиеваның айтуынша, бағдарламаны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры "El Úmiti" бастамасы аясында жүзеге асыруда.

"Елбасы Медалі" өткен жылы басталған болатын, сол уақыттан бастап біз дайындық жұмыстарын жүргіздік, бағдарламаның әдіснамасын, қатысушылар мен тәлімгерлер үшін де,  және  бағдарлама орталығы үшін қажетті әдістемелік нұсқаулықтарды да әзірледік, қатысушылар үшін бейне сабақтар дайындалды, ағымдағы жылы маусым айында оны іске қостық. Бағдарлама жастарға soft skills (жұмсақ дағдылар), атап айтқанда эмоционалды интеллект, көшбасшылық қасиеттер, жауапкершілік, өзін-өзі басқару, әрдайым өзгеріп отыратын жағдайларға бейімделу қабілеті, белсенділік, командада жұмыс істей білу сияқты дағдыларды қалыптастыруға көмектесуге арналған. Яғни, 6, 12, 18 ай ішінде белгілі бір бағыттармен айналысуға міндеттеме қабылдай отырып, қатысушылар өзін-өзі тәрбиелеуді үйренеді, осылайша бәсекеге қабілетті болады. Сонымен қатар, бағдарламаға қатыса отырып, жастар өз уақыттарын басқаруды, нақты мақсаттар қоюды және оларға қол жетуді үйренеді. Сонымен қатар, олар салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға бейім. Жоба қорытындысы бойынша барлық талаптарды орындаған қатысушылар арнайы медальдармен марапатталады", - деп түйіндеді Бибігүл Тоқайқызы.

Бүгінгі таңда бағдарламаға 10 мыңнан астам адам, олардың негізгілері Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан, сондай-ақ, Павлодар, Түркістан және Алматы облыстарынан қатысушылар қатысуда. Әр қатысушыға тәлімгер тағайындалатынын айтып өтуіміз керек, ол қатысушыларға деңгейлерден өтуге көмектеседі, және өзара  біріге отырып өзін-өзі дамытудың мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылының ,биология пәнінің мұғалімі Айнұр Базарбаева тәлімгердің жұмысы туралы толығырақ айтып берді.

"Менің командамда  жалпы 23 қатысушы – олар дарынды оқушылар мен бірнеше студенттер . Әркімнің нақты мақсаттары мен жоспарлары бар. Олардың арасында әншілер, күйшілер, бишілер, ақындар, спортшылар бар. Осы жобаға қатысатын әрбір  жас өзінің  нені қалайтынын, нені армандайтынын біледі, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыра алады, олардың әрқайсысы ақылды, қарым-қатынаста беделді, ой-өрісі дамыған. Мен өзімнің қамқорлығымдағы жастарға  үлкен үміт артамын, олардың ұмтылысы мен көздеріндегі жалынды көріп, өзімнің осы  сөздеріме деген сенімділікті көремін, болашақ - тек  мықты ұрпақтың қолында екеніне сенімдімін. Сондықтан, мен оларды күн сайын шабыттандыруға, ойларын тыңдауға, бірге шешім қабылдауға және сол қойған мақтсаттарына жетулеріне итермелеп отырамын. Маған олардың әрқайсысының ұмтылысы, өз тәжірибесімен бөліскені және өз мақсаттарына жүйелі түрде қадам жасағандары ұнайды. Маған әрдайым жастармен бір толқында болған ұнайды, ал бұл тек тәлімгерлік қана  емес, дос бола білу керек дегенді білдіреді", - деді Айнұр Базарбаева.

Дереккөз nur.kz  

Түсініктеме қалдыру