news-img

Көру қабілеті нашар жандар енді Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» тарихи кітабының мазмұны туралы біле алады.

Әлемнің көптеген елінде  таныстырылған   Елбасының еңбегі енді аудиоформатта жарыққа шықты. Кітаптың аудионұсқасы  Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен «Көмектес» көру қабілеті нашар мүгедектер қорымен жүзеге асырылды.

- «Тәуелсіздік дәуірі» - өте пайдалы кітап. Шығармада  Елбасының ел дамуындағы, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдеріндегі ролі,  мемлекеттің бастан кешкен қиындықтары мен жетістіктері баяндалады. Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауының арқасында  физикалық мүмкіндіктері шектеулі жандардың  білімді, сауатты болып қалыптасуына ықпал еткенімізге қуаныштымыз.  Көру қабілеті нашар адамдардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту қажет, - деді «Көмектес» қорының төрағасы Александр Сапелкин.

Аудиокітап нашар көретіндерге арналған барлық кітапханаларға, мамандандырылған мектептерге, сондай-ақ Қазақстанның облыстық әмбебап кітапханаларына жіберілді.   

Түсініктеме қалдыру