news-img

«Елбасы Медалі» жобасының қатысушыларына арналған мобильді қосымша іске қосылды. Енді тәлімгермен хабарласу, жеке жоспар құру, бейнесабақтар көру, есеп беру және жоба аясындағы жетістіктерді бақылау әлдеқайда оңай.

Elbasy Medali қосымшасын әзірлеушілер оны мүмкіндігінше қарапайым және функционалды етуге тырысты. Интерфейс UX/UI стандарттары бойынша жасалып, жас аудиторияға арналған.

Қосымшада қатысушылар, тәлімгерлер, сарапшылар мен өңірлік үйлестірушілер үшін жеке кабинеттер қарастырылған. Пайдаланушылардың әрбір санаты үшін жеке функционал бар, сондықтан сарапшылар мен үйлестірушілерге  тәлімгерлер мен қатысушылар бойынша статистика, тапсырмаларды орындау мәртебесі, сұраулар мен хабарламалар әрқашан қол жетімді. Қатысушылар есептерді тікелей телефоннан жүктей алады.

 «Мобильді қосымшаның іске қосылуын тағатсыздана күттік. Жоба бастала салысымен тәлімгерлермен бірге осы қосымшаны талқылаған болатынбыз. Ұялы телефоныңда болса, кез-келген сәтте қолдана аласың деп ойлаған едік. Міне, сәті түсіп, қосымшаны қолдануға мүмкіндік туды. Балалар есептерін жүктей бастады. Бәрі жұмыс істеп тұр. Осындай әдемі, ыңғайлы әрі өзекті қосымша үшін рахмет», - деп жоба тәлімгері, Петропавл тұрғыны, Әлия Мұхамадиева өз алғысын білдірді.

Elbasy Medali қосымшасын қосымшалар дүкендерінен жүктеуге болады:

  1. Android үшін Google Play
  2. iOS үшін App Store

 «Елбасы Медалі» бағдарламасы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры Елбасының «El Úmiti» бастамасы аясында жүзеге асырылуда. Бүгінде ол Қазақстанның түкпір-түкіпірінен 10 мыңнан астам қатысушыны біріктіріп отыр. Бағдарлама мақсаты -  14-29 жас аралығындағы жас қазақстандықтардың жеті бағыт: спорт, кітап оқу, ерікті қызметі,  ұлттық мұра, саяхат, еңбек тәжірибесі, дарындылығы мен біліктілігін арттыру бойынша өзін-өзі дамытуына, өзінің қабілетін іске асыра білуіне жағдай жасау.

Түсініктеме қалдыру