Бекзат және батыл адамдарға арналған байқау

1 қазан 2020 ж. 14958 0

«Қайырымдылық керуені» республикалық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы қуана хабарлаймыз.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы ұйымдастыратын байқау игі істер жасайтын адамдарды анықтауға және көтермелеуге, адамгершілік құндылықтарды танымал етуге бағытталған.

Егер сіз немесе сіз білетін адам жақсы істер жасаса, мұқтаж адамдарға көмектессе немесе қиын жағдайда батылдық танытса, онда бұл байқау дәл осы адамдарға арналған!

Байқау лауреаттары бес номинация бойынша анықталады:

  • «Асар» - қайырымдылық қызметі ұлттық салт-дәстүрлермен байланысты және ұлттық мәдениетті сақтауға көмектесетіндер үшін;
  • «Туған жер» - білім беру, экология және абаттандыру, мәдени нысандарды қалпына келтіру және т. б. салаларда туған өлкесіне қайырымдылық көмек көрсететін адамдарға;
  • «Батыл жүрек» - ерлік пен қайсарлық үшін;
  • «Мейірім жолында» - белгілі бір уақыт аралығында өтеусіз тұрақты көмек көрсеткендер үшін.
  • «Қайырымдылық тарихы» - БАҚ-та қайырымдылық тақырыбын көтерген, қоғамның назарын әлеуметтік проблемаларға аударатын материалдарды үшін журналист немесе шығармашылық ұжым.

Қатысуға өтінімдерді 2020 жылдың 1 қазанынан 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде caravan_dobroty@fpp.kz электронды поштасына жіберу қажет.  

Анықтама телефондары: 8 701 513 55 00, 8 (7172) 48 12 36.

Түсініктеме қалдыру