«Пакеттерге жоқ дейміз!». Атбасарда экологиялық еріктілікке арналған тренинг өтті

9 қазан 2020 ж. 1218 0

Қоршаған ортаның пластикпен ластануы әлемдегі басты проблемалардың бірі. Бір рет қолданылған полиэтилен пакеттерінің планетаға келтіріп жатқан залалы ұшан теңіз.   Олардың табиғатта ыдырауы 100-ден 200 жылға дейін созылады. Шіру процесі ұзақ уақытқа созылатын күнделікті қолданыстағы пакеттер күрделі экологиялық апатқа әкелуі мүмкін.

Пластиктің жерге тигізетін зияны әлемнің барлық елдерінде әртүрлі деңгейде талқыланады. Мата қалталар қолданысқа енгізілгенімен, полиэтилен өнімдерін шығаратын зауыттар өз жұмысын тоқтатқан жоқ.  Дегенмен, белсенділер мен эковолонтерлар экологиялық әдеттерді өзгертуге көмектесу арқылы пластикалық пакеттерден бас тартуға болады дегенге үмітпен қарайды.

Пластикалық проблемаға бей-жай қарамайтын ұйымдардың бірі – «Ангел» қоғамдық бірлестігі. Көп жылдар бойы әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне Атбасар қаласының атынан шығатын ҮЕҰ биыл алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаев Қорының «Пакеттерге жоқ дейміз!» жобасын іске асыру грантын жеңіп алды. Жоба аясында олар қала тұрғындары арасында экологиялық волонтерлікті дамытуға бағытталған тренингтер, конкурстар мен акциялар өткізеді.

Жуырда Атбасар қаласының Жастар ресурстық орталығының коворкинг-орталығында «Экологиялық волонтерлік – жастардың қоршаған ортаға пайдасы үшін жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында тренинг өтті. Тренинг барысында тыңдаушылар экологиялық волонтерлік қозғалыстардың жұмысы туралы білді, ал жаттықтырушылар өздерінің эковолонтерлық тәжірибелері туралы айтып берді. Іс-шараның практикалық бөлігі атбасарлықтарға полиэтилен пакеттерден бас тартуға қалай көмектесуге болатынын түсіндіретін бірлескен іс-қимыл алгоритмін құруға бағытталған интерактивті жаттығулардан тұрды.

- Нұрсұлтан Назарбаев Қорына сүйікті қаламыз Атбасарға көрсеткен қолдауымен, полиэтилен пакеттерінен бас тартқан алғашқы елді мекендердің бірі болуға берілген мүмкіндік үшін алғыс білдіреміз. Ал жастар, өз кезегінде, экологиялық волонтерлікке тартылып, ең бастысы, экосөмкелер тігу дағдыларына ие болады, - деп атап өтті «Ангел» ҚБ басшысы Людмила Петрова.

Тренинг аяқталғаннан кейін әрбір волонтер жобада одан әрі жұмыс істеу үшін қажет ақпаратты және экосумкалар, парақшалар, сауалнамалар мен плакаттар бар волонтер жинағын алды.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының
Алматыдағы Өкілдігі
PR-менеджер Артур Жұмашев
e-mail: pr.zhumashev@gmail.com
+7 708 960 56 13

Түсініктеме қалдыру