«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

9 қарашада «Қазақстанның әйелдері күштерінің Альянсы» ЗТБ қамқоршылық кеңесінің бірінші отырысы өтті. Отырысқа Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры, «Қазақстанның әйелдері күштерінің Альянсы» ЗТБ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Дариға Назарбаева қатысты.

Ұйым жұмысының қорытындысы туралы «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» РҚБ президенті, «Қазақстанның әйелдері күштерінің Альянсы» ЗТБ төрайымы Раушан Сәрсембаева ақпарат берді.

«Альянс осыдан тура бір жыл бұрын құрылды. Осы уақыт ішінде бірлестікке қатысушылар саны Қазақстан бойынша 20-дан 138 ҮЕҰ-ға дейін кеңейтілді, - деп хабарлады Р.Сәрсембаева. - Біз ұйымдық құрылымды бекітіп, әйелдердің құқықтарын сақтауды, олардың мүдделерін ілгерілетуді қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс жүргіздік: отбасылық және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі заң жобасына 15-тен астам түзету, отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы заң жобасы бойынша 50-ден астам түзету енгізілді».

Раушан Сәрсембаева атап өткендей, Альянс партия құрамында, ҚР Парламентінде, мемлекеттік және корпоративтік секторларда әйелдердің 30 пайыздық квотасын қамтамасыз ету бойынша бастаманы іске асыруға белсенді қатысты. Альянс мүшелері өңірлердегі дағдарыс орталықтарының жұмысына мониторинг жүргізуге де қатысты.

Отырыста Қазақстандағы әйелдердің өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған Альянстың Жол картасы талқыланды.

Ұсынылған жоспарларға сәйкес, алдағы үш жыл ішінде Альянс әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жетілдіру, заңнамаға өзгерістер енгізу, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және т. б. мәселелерде өңірлердің әкімдіктерімен ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыс істейтін болады.

Отырыста сөз сөйлеген Дариға Назарбаева «Қазақстанның әйелдері күштерінің Альянсы» Кеңесінің атқарған жұмысын мақұлдап, ортақ проблемаларды шешу үшін елдегі әйелдер ҮЕҰ-ын біріктірудің маңыздылығын атап өтті. Кеңес төрағасы: «Балалар мен әйелдерді қорғау, оларға әлеуметтік және  психологиялық қолдау көрсету - мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі. Өңірлік әлеуметтік қызметтер жұмысының анықталған проблемалық мәселелерін жүйелеу қажет. Осының негізінде Альянс Кеңесіне олардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу керек», - деп атап өтті.

Сонымен қатар, Дариға Назарбаева Әйелдердің өзін-өзі танытуына қолдау көрсету қажеттігіне баса назар аударды: «Әрбір әйелге сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік беру маңызды. Ол үшін оған психологиялық, білім беру, әлеуметтік салада қолдау көрсету керек». Ол ҮЕҰ әкімдіктерді тарта отырып, өңірлерде әйелдерді бизнес жүргізуге оқытуды ұйымдастыру мәселесін пысықтау қажет екеніндігін де айтты.

Отырыста Альянстың жаңа ұйымдық құрылымы қабылданды. Қамқоршылық кеңес отырысының қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар мемлекеттік органдарға беріледі.

Түсініктеме қалдыру